Алматыда ТМД халықтары мәдениетінің фестивалі басталды

МК РК February 19, 2014
304
0
0
0

ҚазАқпарат, 18.02.2014 Алматыда ТМД халықтарының мәдениетінен сыр шертетін «Төлтума мәдениет -2014» фестивалі басталды. Бұл шараны Алматы қаласының әкімдігі мен «Еуразия мәдени альянсы» ҚБ бірлесе...

ҚазАқпарат, 18.02.2014

Алматыда ТМД халықтарының мәдениетінен сыр шертетін «Төлтума мәдениет -2014» фестивалі басталды. Бұл шараны Алматы қаласының әкімдігі мен «Еуразия мәдени альянсы» ҚБ бірлесе ұйымдастырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Беларусь мемлекетінің астанасы - Минск қаласында ТМД елдері басшыларының шешімімен Алматы қаласы ТМД аймағының мәдени астанасы ретінде жарияланған болатын.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба «Достастық елдерінің мәдени астанасы» мемлекетаралық бағдарламасының заңды жалғасы болмақ.

Өткен аптада алматылықтарға Беларусь, Армения, Қазақстан, Ресей мәдениетінің өкілдері ән мен жырдан шашу шашып, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұсынды. Күні бойы қала тұрғындары аталған халықтардың төл мәдени мұрасын тамашалауға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақпанның 22-сінде Алматыға Украина, Түрікменстан, Молдова мен Өзбекстан мәдениет және өнер өкілдері келеді деп күтілуде.

Ал, наурыздың 1-інде алматылықтар тәжік, татар, өзбек, қырғыз халықтарының мәдениетімен жақынырақ танысатын болады.

Оцените пост

0