Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:25, 18 февраля 2014

Головкин биыл тағы үш жекпе-жек өткізеді

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2014 жылы тағы үш жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл туралы оның промоутері Том Леффлер мәлімдеді, оның сөзін ВКонтакте әлеуметтік желісінде GGG тобы келтірген.

Таяудағы жекпе-жек 26 сәуірде өтпек, ал тағы екі жекпе-жек жазға және күздің соңына қарай белгіленген. Алайда қарсыластардың аты-жөндері айтылмаған.

Бұған қосарымыз, осы кезге дейін Головкиннің 26 сәуірдегі қарсыласының есімі аталған жоқ.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде Головкин WBA/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. 26 сәуірдегі кездесу Нью-Йоркте өтеді. Ол GGG үшін кәсіби рингтегі 30-шы кездесу болмақ. Қазақстандық осы кезге дейін бірде-бір рет жеңілместен келеді, соның ішінде 26 рет қарсыласын нокаутқа жіберді.

Басты сөздер: Спорт
 
0
151
0