Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:39, 18 февраля 2014

Кеден комитетінде кадрлық орын ауыстырулар жасалды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Нұржан Әмірғожаұлы Әшіханов тағайындалды.

Тағайындалғанға дейін ол, Комитеттің қарауында тұрған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының бұйрығымен Бақыт Сегізбайұлы Сәтмағанбет атқарып отырған Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымынан босатылып Комитеттің қарауында қалдырылды.

Аумақтық кеден органдарының басшыларын тағайындау және босату Комитетпен кадрлар ауыстыруды және жұмыс тиімділігін жақсартуды көздеу шеңберінде жүргізіледі.

Кадрларды ауыстыру басқа да аумақтық органдарда жүргізіледі және құқық қорғау қызметі бойынша, кедендік төлемдерді және республикалық бюджетке салықтарды төлету, сондай-ақ кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша тапсырмаларды орындау бойынша департаменттердің жұмыс көрсеткішін жақсартуға бейімделеді.

 

ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметі

 
0
339
0