Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:49, 17 февраля 2014

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қар құрсауында қалған адамдарды құтқарды

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал автокөлік жолында қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға қатысты.

Жолдың қар басып қалған учаскесінен көліктер мен жүргіншілерді эвакуациялау жөніндегі жұмыс түн ортасынан таңғы сағат 6-ға дейін жалғасты.

Техника мен жеке құрам бөлу туралы сұрау ҚР Қорғаныс министрлігіне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыстық орталығынан 17 ақпан күні кешкі сағат 19.00-де келіп түсті. ҚР ҚК Құрлық әскерлеріне қарасты 12740 әскери бөлімінен МТЛБУ сүйреткіш машинасы мен КАМАЗ-43114 автокөлігі, сондай-ақ 5 адамнан құралған жеке құрам бөлінді.

ҚР ҚК әскери қызметшілері 15 бірлік автомобиль техникасы мен 27 адамды эвакуациялап, оларды жылынатын жерге жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
258
0