Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:45, 17 февраля 2014

Бас бапкер Юрий Красножан Қазақстан футбол құрамасының кеңейтілген құрамын жариялады

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Бас бапкер Юрий Красножан Қазақстан футбол құрамасының кеңейтілген құрамын жариялады, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

Сонымен, қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды), Владимир Логиновский («Астана»), Антон Цирин («Атырау»).

Қорғаушылар: Елдос Ахметов («Астана»), Марк Гурман («Қайрат», Алматы), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Ренат Абдулин («Атырау»), Валентин Чуреев («Атырау»), Захар Коробов («Жетісу», Талдықорған), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия), Сергей Малый («Шахтер», Қарағанды).

Жартылай қорғаушылар: Марат Шахметов («Астана»), Серікжан Мұжықов («Астана»), Жамбыл Көкеев («Қайрат», Алматы), Азат Нұрғалиев («Ордабасы», Шымкент), Ұлан Қонысбаев («Шахтер», Қарағанды),  Андрей Карпович («Атырау»), Дмитрий Шомко («Астана»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Павел Шабалин («Ақтөбе»), Анатолий Богданов («Тобол», Қостанай), Хайнрих Шмидтгаль («Фортуна», Германия), Бауыржан Жолшиев («Шахтер», Қарағанды), Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл», Қостанай), Мақсат Байжанов («Шахтер», Қарағанды).

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Андрей Финонченко («Шахтер», Қарағанды), Сергей Хижниченко («Корона», Польша), Сергей Остапенко («Астана»), Алексей Щеткин («Атырау»)

27 ақпан күні Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынынан кейін аталған тізімнен Қазақстан құрамасының нақты құрамы жасақталады. Еске сала кетейік, 5 наурыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы Литва командасымен халықаралық жолдастық кездесу өткізеді.

Басты сөздер: Спорт
 
0
174
0