Қазақ боксшылары Ұлыбритания құрамасынан басым түсті

Kazsport agent February 17, 2014
161
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада бокстан төрт ел құрама командаларының матчтық кездесулері өтуде. Кеше, 16 ақпан күні басталған додада Өзбекстан құрамасы Ресей боксшыларынан 6:4 есебімен басым...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада бокстан төрт ел құрама командаларының матчтық кездесулері өтуде.

Кеше, 16 ақпан күні басталған додада Өзбекстан құрамасы Ресей боксшыларынан 6:4 есебімен басым түсті. Қазақстан Ұлыбритания құрамасын 8:2 есебімен ойсырата жеңді.

Бүгін, 17 ақпанда елордалық рингке Ұлыбритания мен Ресей боксшылары шығады. Ал сағат 17.00-де Ресей мен Қазақстан өзара бәсекеде мықтыны анықтайды.

18 ақпанда құрамалар демалады. 19 ақпан күні сағат 14.00-де Ұлыбритания мен Өзбекстан жұдырықтасады, 17.00-де Қазақстан мен Ресей боксшылары кездеседі.

Үлкен танымалдылыққа ие болған жарыс биыл осымен төртiншi жыл өткiзiліп жатыр. Турнирге британиялық боксшылар алғаш рет қатысуда. Мұның алдында командалық кездесулерге әр жылдары Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Франция құрамалары келiп, өзара бақ сынасқан болатын.

Аталмыш матчтық кездесулер 19 ақпанға дейін жалғасады. Бокс сүйер қауым оны «Жастар» сарайында немесе Қазақстанның бокс федерациясының сайтынан онлайн режимде тамашалай алады.

Басты сөздер: АстанаСпорт
 

Оцените пост

0