Әскери міндет

Айгерим Султанова 2014 M02 17
993
0
7
0

Қазіргі уақытта ер азаматтарымызға тиіп отырған мәселенің бірі- әскерге деген көзқарастарының бұрыс болуы. Әр уақытта отанымызды қорғайтын ер азаматтарымыздың әскерге  бармау себептері неде?...

Қазіргі уақытта ер азаматтарымызға тиіп отырған мәселенің бірі- әскерге деген көзқарастарының бұрыс болуы. Әр уақытта отанымызды қорғайтын ер азаматтарымыздың әскерге  бармау себептері неде? Біріншіден, әскерге барып,  уақытымды босқа  өткізгенше, жұмыс істейін дейтіндер. Екіншіден, өлім оқиғасы, ұрып –соғу көп болып кетті  дейді.  Үшіншіден, біреудің жалғызы, бірінің тұңғышы, бірінің кенжесі  деп ата-аналары да жібермей жатқаны аз емес. Төртіншіден, жігіттердің  жұмыстарын жоғалтып алам деген қорқыныштары себеп болуы мүмкін. Әрине, қандай жұмыс беруші өз қызметкерін жыл бойы тосады? Әскери билеттері бар ерлердің ақысы жоғары жұмысқа орналасуларына мүмкіндіктері мол болса да, жұмысқа тұру оңай шаруа емес.

Әскер деген –аз ғана жылдарын мемлекеттің есебіне беру, өмірге деген көзқарасынды өзгерту, қатал тәртіп, санаулы уақытта шұғыл шешім қабылдай білу, жақсы мен жаманды ажырату, өмірдің қиыншылығына төзу, сабырлы болу, сенімі нық, өз елін, жерін қорғай білуді міндеттендіреді.  Жігіт, нағыз  жігіт болу үшін әскерге барғаны жөн. Отан алдындағы борышын атқару міндет. Әскер аса қатал өмір мектебі деп айтуға абзал. Жігіт әскерден не ширап ер болып қайтар, не қирап жер болып қайтар.

Әйел адамның тең жартысы әскерге баруды армандайды, мұндай керемет мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келеді. Ал, жігіттеріміз болса біреуі қорқып, біреуі қашқақтайды. Бүгінгі еліміздің ер азаматтары, біреудің ағасы, біреудің баласы мен әкесі - еліміздің бүгінгі қорғанышы. Елінің ұйқысын қорғап, тыныштығын сақтайтын азаматтарымыз әскерге барып, өз міндеттерін абыройлы  атқарса қуантарлық.

Мемлекетімізге ақшаның арқасында әскерден бұлтырап жүрген қоянжүрек, қорқақтар емес, ал нақ осындай шойындай шындалған қайтпас қайсар, намысқой, отаншыл, ержүрек, рухшыл, батыл да батыр ерлеріміз қажет.

   

Оцените пост

7