место в рейтинге
  • 78441
  • 2
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҚазҰУ-дың темір әйелі

Мойындау керек, соңғы жылдары президентіміз Н.Назарбаевтің гендерлік саясатының арқасында саясатта, түрлі кәсіпорындардың басқару бөлімдерінде іскер көшбасшы әйелдердің саны арта түсті. Солардың бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы міндетін атқарушы Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы. Қазақстанға еңбегі сіңген небір оқымыстылар мен ғалымдарды, ақындар мен жазушыларды шығарған, өз уақытында жазушы, академик Мұхтар Әуезов дәріс берген киелі факультетке басшылық жасау – кім көрінгеннің қолынан келе бермейтін үлкен шаруа.

Әрбір кедергі, әрбір қателік тәжірибені іс жүзінде арттырып, іскерлік қабілетті шыңдай түседі. Өзінің өмірлік жолында түрлі кезеңдерді артқа тастап, сарқылмас тәжірибе жинаған Гүлмира Құдайбергенқызы көшбасшылық қабілетті бойына сонау студенттік жылдарында жинай бастаған. Білім айдынына енді аяқ басқан жас студент белсенділігмен көзге түсіп, курстың камсоргы болып, ұйымдастыру және басқару жұмыстарына сол кездің өзінде араласа бастаған.

Өмірдегі қиын жағдайларда түрлі мәселелерді адамның қалай шеше алуы – мінез-құлықтың қандай болуына тікелей қатысты. Қандай қиын жағдайда болмасын жақсылықтан үмітін үзбейтін, күрмеуі қиын мәселелердің бел ортасында жүріп өзінің бар мүмкіндіктерін көре алатын, бір сантиметрден алға жылжып отыратын (Конфуций), оптимистік көзқарастан танбайтын Гүлмира Құдайбергенқызының мінез-құлқынан көшбасшылыққа тән барлық ерекшеліктер табылады. Кез-келген адам жақсы мінез-құлықтың және тереңдей инабаттылықтың иесімін деп айта алады, бірақ оның дұрыс немесе бұрыстығын ісі арқылы ғана біле аламыз. Іскерлікке тән мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке апарар төте жол екенін білген басшы әрқашан «Адалдық пен батылдықты, қарапайымдылықты» жоғары қояды. Яғни, қандай қиын кезеңде болмасын адамгершіліктен аттамау – көшбасшы Гүлмира Құдайбергенқызының басты ұстанымы.

Көшбасшылық жасау әркімнің қолынан келе бермейтін үлкен іс. Бұл жайында өз уақытында Еділ патша: «Біздің ұлт өмірлік дағдымен машық болып қалыптасатын көшбасшылық шеберлікті меңгеру үшін адалдық пен батылдықты қастерлеуге тиіс» - деп жазып қалдырған екен. Расында, адалдық пен батылдық ең ұлы қасиеттердің қатарында тұратынын және көптеген жетістіктерге жеткізетінін әлемнің ең ұл психологтары да мойындайды. Сонымен қатар, тарих қойнауында ең ұлы тұлғалар адалдық пен батылдықтары арқылы тарихта қалды. «Әкем көзі тірісінде «Адамды танығың келсе таққа отырғыз », - деген халықымыздың дана сөзін көп айтушы еді. Менің ойымша, адам қанша биіктесе де, соншалықты қарапайым болуы керек.  Ахмет Йүгнеки айтқан екен: «Қарапайымдылық – жасыл алқап, адамгершілік онда өскен гүл сияқты»,-деп. Бұл менің өмірдегі басты қағидам...» - дейді адамгершілікті, қарапайымдылықты, батылдықты ерекше  назарға алған басшы бізге берген сұхбатында. Көмек сұрап келген студенттердің қолын қайтармағандығы, студенттердің бел ортасында жүріп олармен тікелей жұмыс жасайтындығы - бұл айтқандарына дәлел бола алады. Бүгінде филфакта оқитын кез келген студенттер мен оқытушылар қауымы Гүлмира Құдайбергенқызының бұл «адами қасиетін» жоғары бағалайды.

Көшбасшының жақсы мінезі басқа адамдарды өзіне тарта алады. Мәселен, босаң мінезді көшбасшының артынан ешқашан басқалар ермейтіні белгілі, сол секілді Гүлмира Құдайбергенқызы жұмыс барысында ешқашан босаңсығанын көрмейсің. Кейбір мерекелік іс-шараларда, жұмыстан бос уақыттарда болмаса, жұмыс барысында өте қатаң, уақыттың әрбір минутын шебер пайдаланып, жүйелі түрде жұмыс жасайды. «Егер өз жұмысыңды жақсы көрсең, егер өз еңбегіңнің нәтижесін көрсең – осының өзі рухтандырады. Бұл іске көшбасшылар үшін шабыттандырушы күш болып табылады. Ол әркез «жер жырта» жұмыс істеуі тиіс» - дейді президентіміз Н.Назарбаев.  Гүлмира Құдайбергенқызының жер жырта жұмыс істеуіне қарап, ол өзінің жұмысын өте жақсы көретіні, оған үлкен жауапкершілікпен қарайтындығы айқындалады.

Іскер көшбасшыларға тән «бестік бағаны қою» стратегиясын Гүлмира Құдайбергенқызы да шебер пайдаланады.  Жұмысқа деген құлшынысты оятып,  шабытын  шақыртып, мотивация беріп, дәл осы стратегия арқылы қызметкерлер мен студенттердің белсенділігін, жұмыс істеу мен оқуға деген құштарлықтарын үнемі арттырып отырады. Егер, қателік, ісінде шалалық бар қызметкерлер кездесіп жатса оған сын-ескерту емес, мақтамен бауыздап, істеген ісінен ұялдырады.  Бұл  стратегия  факультетке айтарлықтай жақсы нәтижелер беріп, үлкен жетістіктерге жеткізіп жатыр.  Әлемдік психолог зерттеушілер өздерінің күшіне байланысты іскер көшбасшы болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтайды: ол - іскер әйелдер мен еркектердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре білетіндігі екен. Гүлмира Құдайбергенқызының басқа адамдардың жақсы қасиетін көре алатындығына қарап, алдағы уақытта оның небір биік шыңдарды бағындыра алатынына көзің жетеді.

Кейіпкеріміздің харизмасы өте басым. Ол кез келген адамды өзіне қаратып, оған әсер етіп, өзіне тарта алады. Біз әңгімеміз барасында оның өмірді қатты сүйетінін, алдына қойған жобалары мен жоспарлары өте көп екенін және соларды орындау үшін бар күш-жігерін аямайтынын  анықтадық. Мұндай көшбасшылармен қарым-қатынасқа түскен адам қашанда өзіне шабыт алып, қоршаған ортасын нұрмен бөлеп, адамдарды өзіне магнит тәрізді тарта алады. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды «үмітпен жүретіндер» деп сипаттаған екен. Нақтырақ айтқанда, ешқашан жақсылықтан үмітін үзбейтін Гүлмира Құдайбергенқызының әңгімелесу, сұхбат жасау – біздің өмірге деген құштарлығымызды, сүйіспеншілігімізді еселеп арттырып жіберді. Өзін ойлаудан бұрын, өзгелердің қамын ойлайтын көшбасшы қашанда позитивті ұстанымда.

Іске адалдық – жүректің түбінде жататын үлкен күш. Сонымен қатар, ол тек қана нақты іс-әрекеттермен айқындалады. Артур Гордон: «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ» - деген екен. Иә, Гүлмира Құдайбергенқызының жетістікке жетудегі тағы бір құпиясы – өз ісіне адалдық танытуы. Көшбасшы адам көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап болады, ал оны тек өзнің ісіне деген адалдығы және талмай еңбек етуі арқылы ғана жеңіп шыға алады. Бұл - біздің кейіпкеріміздің басты құпиясы. Шын мәнінде, «Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін нәрсені жасаса,  барлық уақыттарда өмір сүреді» - дейді  неміс драматургі және ақыны Иоганн Фридрих Шиллер. Гүлмира Құдайбергенқызы өзінің бар уақытын толықтай пайдаланып, өзінің атқарар міндетін жетер жерінен асырып тастауы – барлық уақытта өмір сүріп жатқанын айғақтайды. Ол өзінің жұмыс істемеген күндерін «өмір сүрмеген күндерім» деп есептейді.

Оқытушы мамандар оңай нәрсені алып, оны қиындатса, ал қарым – қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады. Гүлмира Құдайбергенқызы қарым-қатынастың, коммуникацияның белсенді шебері. Мамандар қарым-қатынас жасаудың ең тиімді жолы «қарапайымдылық» екенін айтады. Яғни, адамды еліктіріп алу үшін аса бір сәнді сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ.  Гүлмира Құдайбергенқызының өте қарапайым екенін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына : «Айқын болыңдар, айқын болыңдыр, айқын болыңдар!» деп қайталай беретін болған екен. Гүлмира Құдайбергенқызының айқындылығы, ашықтығы, қарапайымдылығы – жан-жағындағы адамдармен, әріптестерімен қарым-қатынасқа жақсы түсуіне итермелейді. Тыңдаушыларына қарай істі бағыттай алатын кейіпкеріміздің коммуникаторлық өнері басқаларға үлгі болары анық. Әр бір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялататыны белгілі.

Британдық премьер–министр Уинстон Черчиль: «Ерлік – адамдық қасиеттердің ең бастысы немесе қалған қасиеттердің бар болуына кепілдік беретін ең ұлы қасиет!» - дейді. Иә, «ерлік» жетістікке жетем деген адамдардың барлығына қажет ең басты ерекшелік. Гүлмира Құдайбергенқызында бұл қасиет бұрыннан бар. Бір ғана мысал, кейіпкеріміз студент шағында желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Сол кездегі бүкіл жастардың іс-әрекеттерін бүгінде үлкен ерлікке бағалап жатыр. Өз сөзінде ол: «17-желтоқсан күні болған оқиғаны көзіммен көрдім. Басы-қасында куәгері болдым. Аллаға шүкір, сол күні суретке түспей қалғандықтан, оқудан шығарылмай, аман қалдым. Себебі, мен курстың комсоргы едім.  Біраз курстастарым оқудан шығарылды. Біздің студенттерде сол кезде «ауызбіршілік», Отанымызға деген «сүйіспеншілік» басым еді. Қаншама рет жиналыс жасап, бір-бірден кіргізіп алып, сұрақтың астына алса да ешкім бір-бірін сатпады. Қазірге дейін сол кездегі оқиғаны есімізге алып, жастардың ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының қуаттылығына қуанамыз!..» - дейді. Расында, шынай ерлік әрбір көшбасшының өз қорқынышын жеңумен басталады. Көшбасшы алдынан кездескен әрбір сынақты, әрбір кедергіні жеңу арқылы бұл қасиетке ие болады.

Көшбасшыларға тән «ерлік» артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем бере алады. Бұл қағиданы білетін Гүлмира  Құдайбергенқызы қашанда ерлік танытудан қайтқан емес. «Он итке бір жолбарысты басшы етсең, аз уақытта әлгі иттер жолбарысқа айналады. Ал, он жолбарысқа бір итті басшы етсең, аз уақытта әлгі жолбарыстар итке айналады» - деген даналық сөз халқымыздың арасында кең тараған. Расында, ерлік пен қорқақтық жұқпалы ауру тәрізді. Бұл туралы шығыстық және батыстық философтар ерте заманнан ой қозғаған. Батыр адам өзінің мықтылығын көрсеткен кезде, қасындағылардың да омыртқасына салмақ түсіп, қатая бастайды. Кез-келген басшы адам ерлік көрсеткен сайын, қол астындағылар да мықты болады. Көшбасшының ерлік көрсетуі - қоршағандарға дем беріп, рухын көтереді. Бұл ретте, Гүлмира Құдайбергенқызының «ерлік» қасиеті қашанда факультет ұжымы үшін жоғары қызмет атқарып жатыр. ҚазҰУ-ғы ең белсенді, ең іскер факультет ретінде филология, әдебиеттану және әлем тілдерінің факультетінің танылуы – бұл айтып жатқандарымызға дәлел бола алады.

«Керек бізге темір төзім, темір күш. Керек емес бірақта темір жүрек» - дейді ақын Қадір Мырзалиев. Нағыз күш – рухани күш, жүректің күші. Бүгінгі заманда проблемаларды шешу ақылға емес, тәуекелдің көрсеткішіне,  рухани жігерлілікке келіп тіреліп жатыр. Ақылың қанша көп болғанымен рухани күшің, іскерлік мінез-құлқың болмаса, алған біліміңнің бір тиын пайдасы жоқ. Бұл ретте, ҚазҰУ-дың ең іскер әйелі ретінде танылып үлгерген Гүлмира Құдайбергенқызы тәрізді іскер көшбасшыларды насихаттау – еліміздегі адам капиталын өсіру үшін қажет-ақ.

 

Дінмұхамед Аязбеков

Iskernews.kz порталы makala
Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!
17 февраля 2014, 16:15
979

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 41344
  • 49
Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
26 июня 2017 / 18:05
  • 6049
  • 34
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
вчера / 10:08
  • 4910
  • 6
ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

Изначально про ЭКСПО было очень много слухов. Лишь только усаживаясь в поезд «тальго» до Астаны, мы уже были изрядно загружены этими слухами. Кто их запускал, для чего – отдельный вопрос..
openqazaqstan
вчера / 15:45
  • 4220
  • 25
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
26 июня 2017 / 17:22
  • 3770
  • 3
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 3447
  • 21
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3337
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2744
  • 45
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2917
  • 23