Алишер Қайратұлынан IPhone 5S

Iskernews.kz порталы 2014 M02 17
739
0
1
0

    Күні кеше ҚазҰУ жастары қызықты кештің куәсі болды. Қазақ эстарадасында жаңадан жанып, енді ғана танылып келе жатқан жұлдыз Алишер Қайратұлы студенттер арасында лоторея ойынын ойнатты. Бірнеше...

 

 

Күні кеше ҚазҰУ жастары қызықты кештің куәсі болды. Қазақ эстарадасында жаңадан жанып, енді ғана танылып келе жатқан жұлдыз Алишер Қайратұлы студенттер арасында лоторея ойынын ойнатты. Бірнеше студент-жастар ойынның нәтижесінде IPрhod ұтып алса, бас жүлдені, яғни ойынға тігілген IPhone 5S маркалы ұялы телефонға филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті Назым ие болды.


 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан екі апта бұрын «Алишер Қайратұлынан IPHONE ұтып ал!» атты хабарландыру жарияланып, ҚазҰУ студенттерінің арасында, әсіресе қыздардың арасында бас жүлдеге ие болғысы келгендер күрт көбейді. Лотореяға билет ұтып алу үшін түрлі әлеуметтік желілерде Алишер Қайратұлының фото-суретін, бейне-клипін немесе МP3 әнін жариялап, сол материялдарға «50 лайк» жинау керек болды. Екі апта бойы майл.ру-да, фейсбукта, әсіресе ВК-да ШОУ болған Алишер Қайратұлына лайк басуды сұрап, өтініш жасаушылардың қарасы мыңға жетті. Соның арқасында Алишердің кім екенін, қандай әндері мен бейне-клиптері барын, әлі жас болса да өнері арқылы ерен еңбек етіп жүргенін біліп алдық. Міне, мың лотореяның барлығы өтіп, күні кеше сол адамдардың арасынағы жүлдегерлер анықталды.

 

ҚазҰУ-ға, тіпті бүкіл Қазақстанға белгілі жайдарманшылар кешті керемет дәрежеде жүргізді. Түрлі әзілдер, ойындар арқылы студент-жастарды бір серпілтіп тастағаны анық. Кешке кешікпей келген Алишер Қайратұлы өзінің бір емес, бірнеше әнін жоғары дәрежеде орындап берді. Барлық жүлдегерлерді жас әншінің өзі марапаттады. Жоғары Студенттер кеңесінің, әсіресе осы ұйымның экс-төрайымы Сәуле Аязбаеваның тікелей ұйымдастыруымен өткен іс-шараның соңы биге ұласты.

 

Жайдарманшылардың жайдарлы сәті!..

 

Ойнатылған ойындар ойымыздан шықты

 

ҚазҰУ-дың жас әншісі - Ақбота

 

Жүргізушілерге әңгіме жоқ!..

 

Алишер Қайратұлымен фотоға түсу

 

Жұлдызды сәт!

 

Лоторея - үміт сергелдеңі

 

Мың адамның арасынан бір адам 2 ұтыс. Жолы болғыштық деп осыны айт!..

 

Қобалжыйтын сәт!..

 

Алишер Қайратұлынан IPnone 5s Назымға табысталды. IPhone иегері!..

   

Оцените пост

1
Дальше