Сәйгүлік семантикасы

МК РК 2014 M02 17
168
0
0
0

Егемен Қазақстан, 15.02.2014 Көркем бейнені бояу тілімен сөйлеткен суретші, кескіндемеші, Мәдениет қайраткері, Президент стипендиясының иегері Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы-4» атты жеке...

Егемен Қазақстан, 15.02.2014

Көркем бейнені бояу тілімен сөйлеткен суретші, кескіндемеші, Мәдениет қайраткері, Президент стипендиясының иегері Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы-4» атты жеке көрмесі Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің музейінде ашылды.

Автордың 50 туындысы қойылған көрме музейдің әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылған. Туындылардың барлығы 2006-2013 жылдар аралығында салынған екен. Атап айтқанда, «Арбау өлең", «Жасырынбақ-2», «Сыйлық", «Кен­таврдың ғашығы», «Жеткіншек», «Бай­­шұбар», тағы басқалар. Автор­дың әсіресе «Бәсіре» деп аталатын дүниесінің жөні бөлек.

— Жылқы текті жануар ғой. Тілі жоқ демесең, бәрін түсінеді. Менің басқа суретшілерден ерекшелігім — жылқыны адам деңгейіне көтеріп, бейнелеуге талпынып келемін.

Суретші Жеңіс Кәкенұлының туын­дылары 1988 жылдан бері елі­міз­дегі, сондай-ақ, АҚШ, Германия, Түр­киядағы көрмелерден орын алып жүр. Ал өткен жылы су­ретші «Ақ зер» кітабын жарыққа шығарды. Бұл жинаққа ұлттық бей­нелеу өнері, қазақ суретшілерінің шы­ғармашылық болмысы туралы пуб­ли­цистикалық еңбектері, өнертану жай­лы мақалалары топтастырылған. Ол «Фо­лиант» баспасының сурет­ші­сі ретінде қырықтан астам кітапты безендірген.

Жанерке ТӨЛЕН,
ЕҰУ-дің студенті.
Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 

Оцените пост

0
Дальше