Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:02, 16 февраля 2014

Астанада бокстан Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Өзбекстан құрама командаларының жекпе-жектерi басталды

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Астанада бокстан Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей және Өзбекстан құрама командаларының матчтық жекпе-жектерi басталды.

Үлкен танымалдылыққа ие болған жарыс осымен төртiншi жыл өткiзiлуде. Турнирде британиялық боксшылар алғаш рет қатысуда. Бұның алдында командалық кездесулерге әр жылдары Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Франция құрамалары келiп, өзара жұдырық түйiстiрген болатын.

Бокс сүйер қайым 19 ақпанға дейiн жалғасатын аталмыш матчтарды «Жастар» сарайында немесе Қазақстанның футбол федерациясының сайтынан онлайн режимде тамашалай алады.

Бүгiн, 16 ақпанда Ресей-Өзбекстан, Ұлыбритания-Қазақстан матчтары өтедi. 17 ақпанда Ұлыбритания мен Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан өзара қолғап түйiстiрмек. 19 ақпанда Ұлыбритания Өзбекстанмен, Ресей Қазақстанмен күш сынасады.

Құрама командалардың қатарында әлем чемпионаттарының бiрнеше дүркiн жүлдегерлерi, өз елдерiнiң ең мықты боксшылары кiрген. Қазақстан сапында Бiржан Жақыпов, Ерлан Тамемов, Қайрат Ералиев, Берiк Әбдiрахманов, Алмасбек Әлiбеков, Айдар Әмiрзақов, Данияр Елеусiнов, Сапарбай Айдаров, Әдiлбек Ниязымбетов, Жан Кособуцкий бар.

«Бұл континетальдық немесе әлем чемпионаты емес. Бұл — жолдастық кездесу. Мұнда әрбiр құрама өзiнiң мықты және әлсiз тұстарын бағамдап, өзiне қорытынды жасайды. Сондықтан бұл төрт елдi бiрiктiрген турнир негiзiнен тәжiрибе жинақтау үшiн ұйымдастырылды», — дейдi Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерi Мырзағали Айтжанов.

Басты сөздер: АстанаСпорт
 
0
186
0