Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:57, 16 февраля 2014

Сочи Олимпиадасы: 17 ақпанда Қазақстан намысын дебютанттар қорғайды

Blog post image
СОЧИ. ҚазАқпарат — Бүгін, 17 ақпанда Сочидегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тек фристайл-акробатика бойынша жарысқа шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстан атынан аталмыш жарыс түріне екі фристайлшы: Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек шығады. Отандастарымыздың 21 қарсыласы бар, оның төртеуі Беларусь Республикасының спортшылары. Сайыс «Роза Хутор» экстрим-саябағында өтеді.

Акробатика жарыстары біліктілік кезеңі және ақтық сыннан тұрады. Оның әрқайсында спортшылар арнайы трамплиннен екі рет секіруі керек. Финалға ең көп ұпай жинаған спортшы ғана өте алады. Іріктеу кезеңінде жинаған ұпайлар финалда есепке алынбайды. Төрешілер әр спортшының ойын мәнерінің техникалық жағынан қозғалыс күші мен секіріп, одан жерге қонуына дейінгі аралығын бағалап, ұпай береді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
313
0