Сочи-2014: Шаңғы жарысынан Қазақстан командасы 13-орында

Kazsport agent February 16, 2014
200
0
0
0

СОЧИ. ҚазАқпарат — Шаңғы жарысынан  ерлер арасында 4х10 шақырымдық эстафетада Қазақстан  командасы 13-орынды місе тұтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Жарысқа 16 команда қатысты. Ереже...

СОЧИ. ҚазАқпарат — Шаңғы жарысынан  ерлер арасында 4х10 шақырымдық эстафетада Қазақстан  командасы 13-орынды місе тұтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жарысқа 16 команда қатысты. Ереже бойынша әр қатысушы 10 шақырым жүріп өтіп, эстафетаны құраманың келесі мүшесіне беруі тиіс. Жарысты Денис Волотка бастады, ол тіпті он шақырымдық қашықтықтың ортасында алдыңғы шептен көрінді. Алайда соңына қарай Денис Сергей Черепановқа эстафетаны тоғызыншы болып берді. Сергей өз дистанциясында Денистің нәтижесін жақсарта алмады, ол Евгений Величкоға эстафетаны он екінші болып жеткізді. Евгений болса соңғы қалған спортшы Марк Старостинға эстафетаны жеткізу кезінде нәтижені бір сатыға төмендетіп алды. Марк осы нәтижені сақтай отырып, жарысты аяқтады.

Бұл сайыста бірінші орынды шведтер командасы алды, ал екінші орын ресейліктерге бұйырды. Қолаға француздар қол жеткізді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
 

Оцените пост

0