Іскерліктер іске кірісті...

Ғазиза Кішібаева 2014 M02 16
355
0
4
0

Кешегі күннің еншісінде талай қызықты сәттер қалды. Сонымен, PRofi Asia  іскерліктердің кезекті жиналыс - дәрісіне куә болды. Суреттердің орны әсте бөлек. Бұл жолғы фотоға түсу тұрғысындағы тың...

Кешегі күннің еншісінде талай қызықты сәттер қалды. Сонымен, PRofi Asia  іскерліктердің кезекті жиналыс - дәрісіне куә болды. Суреттердің орны әсте бөлек. Бұл жолғы фотоға түсу тұрғысындағы тың идеялар, таныстық ұғымдары іскерліктерді барынша жақындатып жібергендей. «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады», - дейді алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов. Бұл дүние бізде бар десем қателеспек емеспін.

Айта кетейін, суреттердің авторы Назгул Назар

«Іскерлік журналистика клубындамыз» деп жар салғанымыз болмаса, іске келгенде «сәл-пәл» еріншектікке бой алдырып жүргенімізді ағайымыз қатаң сынға алды. Жауапкершілік пен еңбекті сүйетіндер ғана Ербол  ағаның тәрбиесін алып, қанатын қатайтпақ деген ойды барлығының  өзінше түйіндегені тағы бар. Осылай ой үстінде  бірнеше жаңа тіркестер, ұғымдар, аудио жазудың қыр – сыры туралы Назира Бурханованың дәрісін тыңдап, керектісін сызып алып отырдық.

Ендеше іскери клубтың: «Үміт! Талап! Еңбек! Сенім! Нәтиже! Өрлеу!» екенін естен шығармайық.

«Іскерлік журналистика» - ортақ үйіміз болса

Ербол ағай  -     «ҮМІТ сыйлап, бағыт беруші»;

«ТАЛАП қойып, еркін тәрбиелеуші»;

«Мақсатты жолда ЕҢБЕК еткізуші»;

«Арманға асқақ СЕНІМ білдіруші»;

«Келелі істен НӘТИЖЕ  күттіруші»;

«Биікте самғар ӨРЛЕУГЕ жеткізуші»


Бүгінімізге жауапкершілікпен қарап , ертеңімізге сеніммен аяқ басалық, ІСКЕРЛКТЕР!!!

 

Оцените пост

4