«Сапалы әрі қол жетімді білім» — КазГЮУ девальвацияға өз тойтарысын берді!

Gaziza_Ilyassova 2014 M02 14
1238
1
1
0

"Сапалы әрі қол жетімді білім" - КазГЮУ девальвацияға өз тойтарысын берді!

Сәлем достар! Өзімнің бірінші мақаламды қазіргі таңдағы басты мәселеге және оған менің қатысым туралы жазбақшымын. Бірнеше күн бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің долларға қатынасы 20% -ға құнсызданғандығы жайлы ресми хабарлады. Халық үрей үстінде, біреулері бұл жағдайға байланысты белгілі бір сомма ұтса, екіншілері үлкен көлемдегі ақша жоғалтуда. Дүкендер жабылып, барлық тауар мен қызмет түрлеріне баға өсу үстінде...

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

Мені толғандырған мәселе - ол менің оқуымның бағасы. Егер барлығына баға өссе, білім де қымбаттайды емес пе?! Мен өз университетімнің ең қымбат мамандығында оқимын. Бұл сомманың өзін менен басқа тағы екі баласы бар менің ата-анама төлеу оңай емес. Осы мәселеге байланысты Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті кеше директорлар кеңесімен талқылау өткізіп оқудың бағасын өзгертпеуді шешті. Бұл барлық ақылы түрде оқитын студенттерді және біздің КазГЮУ-ға түсуді көздейтін абитуриенттерге жақсы жаңалық болып табылады. Себебі, Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің алға қойған мақсаты мен қағидасы "Сапалы әрі  қол жетімді білім".

Оцените пост

1