ҚР Қорғаныс министрлігінің заңгерлері әскери билеттер алу мен келісімшарт бойынша әскерге шақырылу жөніндегі әдістемелік ұсыным әзірледі

МО РК 2014 M02 14
250
0
0
0

ҚР Қорғаныс министрлігінің Заң департаменті Ақмола өңірлік гарнизоны заң бөлімшелерінің апта сайынғы семинар-мәжілістерін ұйымдастыруда. Онда қорғаныс, әскери қызмет өткеру, әскери қызметшілерді...

ҚР Қорғаныс министрлігінің Заң департаменті Ақмола өңірлік гарнизоны заң бөлімшелерінің апта сайынғы семинар-мәжілістерін ұйымдастыруда. Онда қорғаныс, әскери қызмет өткеру, әскери қызметшілерді әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу, әскери есепке алу салаларындағы ең өзекті болып табылатын мәселелер талқыланады. Көтерілген мәселелерді тақылаудың нәтижесі бойынша әдістемелік кеңестер әзірленеді.

Осылайша, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери есепке алу құжаттарын беру бойынша (беру тәртібі, мерзімі және әскери билеттер беру үшін қажетті құжаттар тізбесі) әдістемелік кеңестер әзірледі.

Нақтырақ: http://mod.gov.kz/index.php?section=vydachaDokumentovVoinUchet

Армияны кәсібилендіруге байланысты қорғаныс істері жөніндегі департаменттер азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу  бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Қорғаныс министрлігінің Заң департаменті апта сайын ұйымдастыратын Ақмола гарнизоны заң бөлімшелері семинар-кеңесінің нәтижесі бойынша, Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті азаматтардың келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдану тәртібі жөнінде әдістемелік кеңестер әзірледі.

Нақтырақ: http://mod.gov.kz/index.php?section=poryadokPostupleniyaKontraktu

Оцените пост

0