Ваш Казахтелеком 2014 M02 14
1453
0
0
0

Достар! «Қазақтелеком» мен «АЛТЕЛ» бірлесіп, үй (iD Net/Megaline) және мобильді (ALTEL 4G) интернет қызметтерінің жиынтығын ұсынады. Абоненттерге таңдау бойынша Интернет желісіне тіркелген және...

Достар! «Қазақтелеком» мен «АЛТЕЛ» бірлесіп, үй (iD Net/Megaline) және мобильді (ALTEL 4G) интернет қызметтерінің жиынтығын ұсынады.

Абоненттерге таңдау бойынша Интернет желісіне тіркелген және мобильді қатынау арқылы  пакеттік шешімдердің  әртүрлі түрлері ұсынылады, сондай-ақ пакетке  басқа да қызметтер  енгізілуі мүмкін: интерактивті сандық теледидар (iD TV), қазіргі заманғы SIP телефония (iD Phone нөмірі) және Қазақстан Республикасы бойынша лимитсіз сөйлесулер.

Бірыңғай қызметтер пакеті компания абоненттерін үйде  «ауыр» контентке (бейнересурстар) сапалы жоғары жылдамдықты қатынаумен, жолда және  қоғамдық орындарда (кафе, мейрамхана, СОСО)  жедел серфингпен қамтамасыз етеді.


«Қазақтелеком» АҚ Стратегиялық басқару  жөніндегі  бас директоры Батыр Маханбетәжиевтің айтуынша,Интернетжелісіне тіркелген  және ұтқыр  қатынау  қызметтерінің бірыңғай пакеті абонентке бағасы, сапасы, бірыңғай шотты алу және бірыңғай төлем нүктесімен тиімді болып табылады, яғни барлық отбасына қажетті қызметтерді  бір провайдер «Қазақтелеком» АҚ  алу болып табылады.

«Пакетке кіретін барлық қызметтерге төлем біздің абоненттерге әдеттегі post-paid  схемасы бойынша жүргізіледі», - деп атап өтті Б.Маханбетәжиев.

Техникалық қолдау үйдегі Интернет, сондай-ақ ұтқыр Интернет үшін 165 телефоны бойынша бірыңғай болып табылады.

Қазіргі уақытта қызметтердің бірыңғай пакеттерін  ұсыну  Алматы қ. және қала маңындағы (Есік, Қасқелен, Талғар қалаларына, Бесағаш, Кеңдала, Қызыл Қайрат, Шымбұлақ, Бірінші май, Өтеген батыр, Айтей кенттерінде және Шамалған станциясында) және Астана қаласы  және қала маңы (Қощы, Ильинка кенттерінде) жүзеге асырылады.

2014 жылғы қаңтар айынан бастап Интернет желісіне тіркелген және ұтқыр қатынау  бірыңғай пакеттері  Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Ақтау, Қарағанды және Шымкент қалаларында  қол жетімді болып табылады.

Жаңа қызметке «Қазақтелеком» АҚ кез келген сервистік пунктінде  (жоғарыда көрсетілген елді мекендерде) қосылуға болады.

Оцените пост

0