Сочидегі Олимпиада: Қазақстандық биатлоншы Ян Савиций 20 шақырымдық жекелей жарыста 20-шы болып келді

Kazsport agent 2014 M02 13
146
0
0
0

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық биатлоншылар 20 шақырымдық жекелей жарыста ойындарын аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиададан. Ян Савицкий біздің спортшылар...

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық биатлоншылар 20 шақырымдық жекелей жарыста ойындарын аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиададан.

Ян Савицкий біздің спортшылар арасында басқалардан жақсырақ уақыт көрсетті — ол көшбасшыдан 2  минут 24,1 секунд кейін қалып, 52 минут нәтижемен 20-шы орынға шықты. Одан кейін Антон Пантов қашықтықты 52 минут 51,5 секундта еңсеріп, 27 орынға тұрақтады. Сергей Наумик 58 минут 03,2 секундтық нәтижемен 76-шы болып келді.

20 шақырымдық қашықтықта «алтынды» француз Мартен Фуркад, «күмісті» — Эрик Лессер, «қоланы» — Евгений Гараничев қоржынға салды.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
 

Оцените пост

0
Дальше