Сырт көзге даласы мен өнері қабысып, әуендетіп тұратындай көрінетін сезімі өте жоғары халықтың бірі танылған қазақ халқының ұлттық өнерінің қанат жаюына Астанадан бастап, ауылға дейін еліміз бойынша қадау-қадау игі жұмыстар атқарылуда.
Сол игі істің бірі ретінде жақында көзі тірісінде-ақ күй қағаны танылған Рысбай Ғабдиев атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына 5 жыл толуын индерліктер үлкен мерекелік шарамен атап өтті.Бұл арқылы олар қарапайым халық арасында әлі де құдіреттей сыйынып, сыйланатын ұлттық өнерге қолдау көрсетіп, оны насихаттауға үлес қосқандарын да сезбей қалғандай...