Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:31, 13 февраля 2014

ЕЛІ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТКЕН ЕРДІҢ ЕСІМІ АРДАҚТАЛДЫ

Blog post image

 

Х.Ерғалиев ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, кезінде ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өзінің үлесін аянбай қосқан, көп жылдар ұстаздық, партия, кеңес, шаруашылық жұмыстарында абыройлы еңбек еткен Сәулеш (Сәдуақас) Әдиевті еске алу шарасы болып өтті.

Ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен шараға алыстан-жақыннан көптеген қонақтар, көзін көрген замандастары, шәкірттері, ағайын-туыстары, ел ағалары қатысты. Осыған орай мәдениет үйінде салтанатты жиналыс өткізілді.Онда марқұм Сәкеңнің(Сәулеш атаның) өмірдерегі мен жасаған жұмыстары туралы шәкірті, еңбек ардагері Ізбасқан Хисин, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үш шақырылымы бойынша депутат болған жерлесіміз Ұзаққали Елеубаев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Исатай ауданының Құрметті азаматы Сүндет Дауылбаев, Индер, Исатай, Махамбет аудандарының Құрметті азаматы Жанай Беркалиев, КСРО, Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі Биха Шөкетаева, аудандық мәслихат хатшысы Жұмажан Қадимов, құдалары атынан Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айыпқали Бекешев және басқалар құттықтау сөз сөйлеп, Сәулеш қарт жөнінде естеліктерімен бөлісті, осындай тағылымдық шара ұйымдастырған ұрпақтарына шын ризашылықтарын білдірді.

akzhelken.kz/ru/node/2995

 
0
592
0