Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:55, 13 февраля 2014

ХАЛЫҚТЫҚ ҰЯ, ҰРПАҚҚА МҰРА

Blog post image

Қазақ  елінің тұрмысына, қазақ жерінің табиғатына сай етіп жасалған тамашаның бірі – киіз үй. Көшпенді бабаларымыз малының өрісі, елінің қонысы үшін тау баурайларын, дала төскейлерін, өзен – көл жағаларын жаз жайлап, күз күздеп, тіпті қос қабат қалың киізден туырлық жауып қыс қыстаған бұрынғы кезден күні кешеге дейін қазақ қолөнерінің сәні, қазақ өмірінің мәні киіз үйден көрініп тұратын. Қазақтың тұрмысына, тіршілігіне қажеттің бәрі киіз үйдің төңірегіне топталып, киіз үйдің ішінен таралып жататын. Осы кезде өмірге жаңалық мол еніп, заман озғаны рас. Ал киіз үйдің еш қажетсіз болып қалғаны рас па? Тал бесікте тербелген, тәй басқан сәбилік, тай мінген балалық шақтарын киіз үйдің ішінде, қыр қазағының ортасында өткізген біз қатарлы адамдарға оның елеусіз, ескерусіз қалғаны тек өзіміздің өткенімізге ғана емес, арғы-бергі аталарымыз бен бабаларымыздың салтына сатқындық жасаған сияқты көрінеді. Өз замандастарымызбен кейбір кеңес құру кезінде киіз үйдің кешегі болғаны  ғана емес, бүгінгі, ертеңгі болмағы туралы да пікірлер айтатын едік. Енді сол ойларды ортақтасуға ұсынамын...

akzhelken.kz/kz/node/2937

 
0
569
0