Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:15, 12 февраля 2014

Аудиопоэзия «Поэзия» «Жалғыз қалып, терең ойға мен батам»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия для души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – marat marat 77

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Жалғыз қалып, терең ойға мен батам,

Бар ойымды, сенем саған, тек қалам.

Көңілімнің, сен есігін аша алған,

О, поэзия, сен үшін мен, жаралған.

 

Бір өзіңнен, мен шөлімді баса алам,

Баса алмаймын, сенсіз енді, бір қадам.

Жүрегімнің, ең төрінде, орын алған,

Ол әнім ғой, сен үшін мен жаралған.

 

Жылдар өтер, зырылдайды тоқтамай,

Талай күндер, кетер тағы оралмай.

Арманымды, ақ құс қылып ұшырған,

Лирика ғой, сен үшін мен жаралған.

 

Бақыттымын, ендігі бар байлығым,

Қаламым да, жазуым да, бар бағым.

Бұл әлемде, сен мен үшін, бақ тағым,

Сен мен үшін, жетелейтін жарығым.

0
567
1