Заман талабына сай ғимараттардың болмауы театрларымыздың басты проблемасы болып отыр — М.Құл-Мұхаммед

МК РК 2014 M02 12
192
0
0
0

ҚазАқпарат, 11.02.2014 Заман талабына сай ғимараттардың болмауы театрларымыздың басты проблемасы болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Мәдениет және...

ҚазАқпарат, 11.02.2014

Заман талабына сай ғимараттардың болмауы театрларымыздың басты проблемасы болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

«Театрларымыздың бүгінгі күндегі ең басты проблемасы - оларға арнап салынған заман талабына, биік өнердің билік талабына сай ғимараттардың жетіспеушілігі. Тіпті, бізге Кеңес заманынан мұра болып қалған 34 театрдың 21-і ғана типтік ғимаратта орналасқан болатын. Қалғандары ХІХ ғасырда немесе ХХ ғасыр басында түрлі мақсаттарға арналып салынған әр алуан ғимараттарда орналасқан. Мәселен, 1983 жылы ашылған Шымкенттегі қуыршақ театрына 1991 жылы салынған Никольск шіркеуінің ғимараты берілді және театр әлі күнге дейін сол ғимаратта отыр», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдары 20 жаңа театр ашылып, оның төртеуіне заман талабына сай жаңа ғимарат тұрғызылған. Дегенмен, облыстық, тіпті кейбір астаналық театрлар отырған ғимараттар әлі күнге дейін сын көтермейді.

«Сол себепті, құрметті Серік Нығметұлы, алдағы уақытта кез келген облыстық басты мәдениет сарайы, басты өнер ордасы болып саналатын облыстық театр ғимараттарын салдыруға да ерекше көңіл бөлуіңізді сұраймын. Сіз облыстарды аралағанда осы мәселеге айрықша назар аударатыныңызды және кейбір облыс әкімдерінің жаңа театр салу жөніндегі ұсыныстарын қолдап жүргеніңізді білемін», - деді М.Құл-Мұхаммед Үкімет басшысына қарата.

Сондай-ақ ол өңір әкімдеріне спецификасы, ерекшелігі көп, сахналық параметрлері, акустикасы сияқты айрықша талаптары болатын жаңа театр ғимараттары осындай міндеттерге сай болса екен деген тілегін жеткізді.

«Осы тұрғындан келгенде министрлік сіздерге көмек көрсетуге әзір»,-  деді ол.

Оцените пост

0
Дальше