ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде» жұмыс істеу тәртібі мен ережелері бойынша семинар өткізілуде

Мемлекет басшысының қағазсыз құжат айналымына өту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ Электрондық құжат айналымының қағидаларына енгізілен өзгерістерге сәйкес (ҚР Үкіметінің 31.10.2012...

Мемлекет басшысының қағазсыз құжат айналымына өту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ Электрондық құжат айналымының қағидаларына енгізілен өзгерістерге сәйкес (ҚР Үкіметінің 31.10.2012 жылғы № 1380 қаулысы), мемлекеттік органдар құжаттарды қағазсыз тасымалдағыштармен қайталамай 10 жыл сақтау мерзімімен ведомствоаралық электрондық құжат айналымына өту жөніндегі іс-шаралар өткізуде.

Соңғы жыл ішінде мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының даму динамикасы электрондық құжаттармен қағазда қайталамай жұмыс істеуге өтудің сенімді қарқындарын көрсетті.

Электрондық құжат айналымын одан әрі жетілдіру мақсаттарында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оқу-әдістемелік орталығының «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде» жұмыс істеу тәртібі мен ережелері бойынша семинар ұйымдастырылды.

ҚР ҚМ КБК сарапшылары, Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдарының ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімдерінің басшылары семинар қатысушылары болып табылады.

«ҰАТ» АҚ өкілдері дәріскерлер ретінде шақыртылған.

Семинарға қатысушылар семинар барысында алынған білім «қағазсыз» құжат айналымына ауысу жоспарының іс-шараларын сапалы орындауға ықпал етеді деген бір пікірге келді.

 

Оцените пост

0