Сочидегі Олимпиада ойындарының құрметіне 1 млн төсбелгі әзірленген

Kazsport agent February 11, 2014
186
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 1 миллион төсбелгі дайындалған, деп жазады ИТАР-ТАСС «Госзнак» федералдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 1 миллион төсбелгі дайындалған, деп жазады ИТАР-ТАСС «Госзнак» федералдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы спорт жарыстарына арналған төсбелгі Олимпиада туралы естелік қана емес, ол жылдар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін коллекциялық құндылық дейді аталмыш мекеменің қызметкерлері.

Олимпиада-2014 символикасын пайдаланумен төсбелгілерді және естелік медальдарды шығару және оны Ресей аумағында сату құқына Ресейдің «Госзнак» мемлекеттік кәсіпорны ие. Ол 2014 жылғы Сочидегі  ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының және ХІ қысқы Паралимпиада ойындарының ресми лицензианты болып табылады.

Аталмыш кәсіпорынның сату жөніндегі директоры мәлім еткендей, бұл төсбелгілер соғу баспақтарына салынып, суық қалпында соғылып әзірленген. Сочидегі қысқы Олимпиада ойындары үшін жалпы саны 1 миллион болатын 100 түрлі олимпиадалық төсбелгілер әзірленген. Олардың әрқайсысының ерекше дизайнының болуына да айрықша көңіл бөлінген.

Қазіргі таңда 250 мыңға жуық төсбелгі өз иелерін тапқан, ал 400 мыңы Сочидегі олимпиадалық нысандарда өткізу үшін таратылған.

 
Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
 

Оцените пост

0