Футболдан бірінші лига құрамы бекітілді

Kazsport agent 2014 M02 11
196
0
0
0

Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төтенше комитеті биылғы маусымда бірінші лигада додаға түсетін командалар құрамы мен ойындар күнтізбесін бекітті, деп...

Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төтенше комитеті биылғы маусымда бірінші лигада додаға түсетін командалар құрамы мен ойындар күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Биыл бірінші лигадағы командалардың саны бір ұжымға қысқарып, 15 болды. Атап айтқанда, алдағы маусымда ел чемпионатының бірінші лигасында мына командалар додаға түседі:

«Восток» (Өскемен), «Ақжайық» (Орал), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Қызылжар» СК (Петропавл), «Каспий» (Ақтау), «Астана-1964″ (Астана), «Қыран» (Шымкент), «Жетісу-Сұңқар» (Талдықорған), «Гефест» (Қарағанды), «Екібастұз» (Екібастұз), «Болат»» АМТ (Теміртау), «Лашын» (Қаратау), «Бәйтерек» (Астана), «Мақтаарал» (ОҚО, Мақтаарал ауданы), ЦСКА (Алматы).

Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, биыл ел біріншілігіне Алматы облысынан тек бір команда ғана қатысады. Ол – «Жетісу-Сұңқар». Ал былтыр бұл облыстан екі команда додаға түскен: «Іле-Сәулет» және «Сұңқар». Биыл «Сұңқар» премьер-лигадағы «Жетісу» клубының қанатының астына өткендей.

Бірінші лига додасы әдеттегідей екі айналымдық жүйе бойынша өтеді. 6 сәуірде басталып, 8 қарашада мәресіне жетеді.

Тектес:Футбол
Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Футбол  

Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/football/futboldan-brnsh-liga-kuramyi-bektld-811/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 

Оцените пост

0
Дальше