Сочидегі Олимпиада: 11 ақпанда жарыстарға әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько шығады

Kazsport agent 2014 M02 11
139
0
0
0

Сочидегі кезекті Олимпиадалық күнді қазақстандық құрама еркін стильдегі спринт жарыстарымен ашады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Астана уақытымен сағат 16.00-да «Лаура» шаңғы мен биатлон бойынша...

Николай Чеботько

Сочидегі кезекті Олимпиадалық күнді қазақстандық құрама еркін стильдегі спринт жарыстарымен ашады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Астана уақытымен сағат 16.00-да «Лаура» шаңғы мен биатлон бойынша жарыстар кешенінде  сайысқа Татьяна Осипова мен Елена Коломина тағы да шығады. Олар 67 спортшымен сайысқа түседі. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бұл спортшы қыздар скиатлонда өнер көрсеткенімен, жақсы нәтижеге жете алмады. Олардан кейін, 16.25-те еркін стильдегі іріктеу спринтіне ерлер қатысады. Қазақстан намысын шаңғышылар Николай Чеботько, Денис Волотка және Роман Рогозин қорғайды. Еске сала кетер болсақ, Николай классикалық стильдегі командалық спринтте Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ерікті стильде ол 34-35-ші нәтиже көрсетті.

20.30-да «Санки» шана спорты орталығында өтетін жарыстарға Қазақстанның бірден-бір өкілі Елизавета Аксенова қатысады.

Елена Хрусталева мен Дарья Усанова тағы да жарыс жолына шығады. Сағат 21.00-де «Лаура» кешенінде олар 10 шақырымдық ізге түсу жарысына қатысады. Еске сала кетейік, Хрусталева мен Усанова бұдан бұрын 7,5 шақырымдық спринтке қатысқан болатын.

 

Оцените пост

0