---
title: "40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ"
description: "Қалалық және аудандық бөліністердің, қадр аппараты бастықтарының орынбасарларымен өткен семинардың н..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-17T14:58:26+00:00"
modified: "2019-02-17T14:58:26+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/40-zhuy-solt-stik-aza-standy-r-iim-vedomstvoly-zhoo-a-o-u-a-zhol-tartty-826493"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/40-zhuy-solt-stik-aza-standy-r-iim-vedomstvoly-zhoo-a-o-u-a-zhol-tartty-826493/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

> Қалалық және аудандық бөліністердің, қадр аппараты бастықтарының орынбасарларымен өткен семинардың н...

![40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/6cec87724b854d966f6139ecad6bbe.jpg)

Қалалық және аудандық бөліністердің, қадр аппараты бастықтарының орынбасарларымен өткен семинардың негізгі ойы – қызметке креативті ойлайтын жастарды шақыру болды. Жеке құрамның әлеуетін нығайту және ашу жөніндегі «Кадр резерві» жылы қорытындыланды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби өзегін қалыптастыратын полицейлерге облыстық полиция ведомствосының бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов үміткерлерді мектеп, колледж оқушылары және әскерге шақырушылардың қатарынан зерделеу міндетін қойды. Өткен жылдары облысымыздан ҚР ІІМ ведомстволық ЖОО-ға 5-тен 10 адамға дейін оқуға түсетін, соңғы үш жылда бұл сан 3-4 есеге артты. Өткен жылы 38 жас солтүстікқазақстандық оқуға түсті. Облысымыз олардың терең біліміне және полицияда қызмет атқаруға мамандандырылған дайындықтарына үміт артуда.

![40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/f0c1db4b8ffbec6992806b5a2e3d83.jpg)

Кадр қызметкерлерінің жұмысы асқан жауапкершілікті талап етеді. Жұмысқа және отбасыға деген қатынасымен жеке құрамға үлгі көрсету, қызметке үміткердің бойындағы қасиеттерді зерделеу, құжат ресімдеуге көмектесу, тәжірибелі тәлімгерді бекіту, бейімделуге көмектесу және кәсіби өсуге көмектесу – бұл кадр қызметкерінің алдында тұрған міндеттердің барлығы емес. Семинардың ұйымдастырушылары – Кадр жұмысы басқармасы іс-шарада облыстық аппарат бөліністері бастықтарының сөз сөйлеуін ұйымдастырды. СҚО ПД бастығының орыбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың айтуынша, әлеуметтік желілерде жұмыс жасау бойынша ұсыныстар, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының негізі, әскери-дәрігерлік комиссиядан өту, дене шынықтыру және арнайы даярлықты арттыру тәртібі жеткізілді. «Рухани Жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институты директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сабыр Ыбыраев Елбасы еңбектерінің негізгі идеологиялық платформалары туралы баяндай отырып, оларды жеке құрамға жеткізу қажеттілігіне баса назар аударды.

![40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/8c2fe85ae42f4930b02f06173c8239.jpg)

![40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d1c797c963f783e9bb89fa7d8c74b9.jpg)

Семинардың екінші бөлігінде атыс және дене шынықтыру даярлығының нормативтерін тапсыру бойынша сынақтар қабылданды, психологиялық тренингтер өткізілді.

![40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/89f447fedb2ebdd40e6440c40ceb30.jpg)

«Погонды тәрбиешілердің» нәтижелі жұмыс күнін қорытындылай келе, департамент бастығы көп балалы отбасыларға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, жетім балаларға көмек көрсетудің маңыздылығына назар аударды. Осындай өмірлік сабақтардан жас қызметкерлердің адамгершіліктері артып, жүректерінде адамдарға көмек көрсету ниеті қалыптасады. Осы күні Берік Біләлов көп балалы отбасыларға - Оксана мен Вадим Латфулиндерге, Жазира мен Думан Амриндерге барып, көмек көрсетті. Латфулиндер 10 баланы, Амриндер – 6 баланы тәрбиелеуде, бір бала сал ауруына шалдыққан.

![40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/237aee467ad2447645333727185b9d.jpg)

![40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/3df59658c576f83820be75636b0392.jpg)

![40 ЖУЫҚ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚР ІІМ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОО-ҒА ОҚУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/2a06f6e40b50fe7cebf86aae860c57.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/40-zhuy-solt-stik-aza-standy-r-iim-vedomstvoly-zhoo-a-o-u-a-zhol-tartty-826493](https://yvision.kz/post/40-zhuy-solt-stik-aza-standy-r-iim-vedomstvoly-zhoo-a-o-u-a-zhol-tartty-826493)