---
title: "4 күн"
description: "Сәлем,құрметті достар!Көзді ашып-жұмғанша 3 күн де өтіп кетті.Бүгін міне,4-ші күн.Нені көргенімізді,..."
author: "azamat2000"
published: "2013-09-17T05:46:50+00:00"
modified: "2013-09-17T05:46:50+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/4-k-n-361455"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/4-k-n-361455/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 4 күн

> Сәлем,құрметті достар!Көзді ашып-жұмғанша 3 күн де өтіп кетті.Бүгін міне,4-ші күн.Нені көргенімізді,...

Сәлем,құрметті достар!Көзді ашып-жұмғанша 3 күн де өтіп кетті.Бүгін міне,4-ші күн.Нені көргенімізді,нені көкейге түйгенімізді жан-жақты айтып берейін.Шілденің 3-ші жұлдызы.»Шілде»дегенде ойымызға ыстық ауа-райы түседі.Ал бүгін Астанада күн ыстық та емес ,суық та емес,ең бастысы біздің экспедициямызға жайлы ауа-райы орын алды.Біз бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне саяхаттадық.

![4 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/Zap5Dm66U2lAvfPpsvOBOX3M9MQ4MQ.jpg)

Л.Н.Гумилев дегенде менің есіме ЕҰУ түседі.Бұрын менің естіуімше Гумилев-тарихшы,географ болған.»Жүз естігенше ,бір рет көр»дегендей,»Туған елге тағзым»атты экспедицияның арқасында мен Л.Н.Гумилев туралы зор мәліметтер алдым.Есілдің бойындағы көпірмен өтіп,алып ғимарат ЕҰУ-не аяқ тіредік.Ғимратқа кіре салысымен,алып тас мүсінге көзім түсті.

![4 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/vA0782pb2FK9006ZG59X570E5EMExQ.jpg)

Бұл ескерткіш 2001ж 18 мамырда Жапониядан әкелінген.Ескерткіш бетіндегі сансыз көп жазуларды көргенде ,үлкен ойда қалдым.Бейне бір 7-8 ғасырларға бой сұққандаймын.Күлтегіннің екі жағында Тоныкөк ескерткіштері орнатылған.Бір ерекшеліктері бұл ескерткіштегі жазуларды Тоныкөктің өзі жазған.Одан соң тарихқа толы,тарихи музейге бас сұқтық.Мен үшін жаңалық болғаны:Түркі халқына 48 ұлт кіреді екен.Осы секілді мәліметтермен білімімізді толықтырдық.Жоғарыда айтылғандай ,біз университетте орналасқан Л.Н.Гумилев музейін де араладық.

![4 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/aCG2Vuka84bAYClzVfz4H01HjIOjqJ.jpg)

Ол кісі бірнеше рет абақтыға түскен,соған қарамастан өмірден түңілмей,түрме ішінде бірнеше поэма шығарып,өмірге деген құштарлығы ешқашан сөнбеген.Гумилев атамыздың қайраттылығы,төзімділігі таңғалдырады.Бізге осыдан қарап-ақ өмірге деген құштарлықты үйренуге болады.Бүгінгі саяхат өте ұнады.»Туған елге тағзым»атты экспедиция арқылы көп нәрсе үйрендік.

---

Source: [https://yvision.kz/post/4-k-n-361455](https://yvision.kz/post/4-k-n-361455)