Қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін көрсететін инфографика

Сәния Әбдіғапар 2014 M02 13
534
0
1
0

Carbon Visuals британиялық дизайн-бюросы қоршаған ортаны қорғау бойынша инфографика жасады. Ол әр компанияның қоршаған орта алдындағы жауапкершілгін көрсетеді. Инфографика University of Colorado at...

Carbon Visuals британиялық дизайн-бюросы қоршаған ортаны қорғау бойынша инфографика жасады. Ол әр компанияның қоршаған орта алдындағы жауапкершілгін көрсетеді.

Инфографика University of Colorado at Boulder (UCB) қызметкері Ричард Хидтің (Richard Heede) зерттеуі негізінде жасалды. Зерттеу «1854 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта жанармай, цемент өндірушілердің көмірқышқыл газы мен метан қалдықтарын ауаға тастауы» тақырыбына арналған.

Хид жүргізген талдауда, дәл қазіргі кезде  әлем бойынша жанғыш материалдар өндірудің 63%-ы  90 ірі компанияға тиесілі. Оларға 50 жеке компания, 31 мемлекеттің қатысуымен басқарылатын компания және 9 мемлекеттік корпорациялар жатады. Жетекші мұнай өндіруші компанияларға американдық  Chevron мен Exxon Mobil, Сауд Арабиясынан SaudiAramcо, британдық BP және ресейлік «Газпром».

Хид зерттеуінде әр компанияның қоршаған ортаға тигізіп отырған зиянын анықтамақшы болған. Өзге ғалымдардың зерттеуі секілді мұнда көрсеткіштер емес, табиғатты қорғау басты назарға алынған.

Хид «Сіз қалай ойлайсыз, қоршаған ортаны ластаушылар 200 мемлекетте тұратын 7 миллион адам ба? Әлде барлығын қосқанда бір автобусқа сыйып кететін компания басшылары деп ойлайсыз ба?» деген сауал тастайды.

Авторы: Олег Акбаров

Дерек көзі: Look At Me

Аударма: Демоскоп

   


Оцените пост

1
Дальше