ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан-Америка консультациялары өтті

МО РК 2014 M02 10
300
0
0
0

ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев пен АҚШ Қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Майкл Дюмонттың екі ел қорғаныс ведомстволарының...

ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев пен АҚШ Қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Майкл Дюмонттың екі ел қорғаныс ведомстволарының арасындағы Казақстан-Америка консултациялары шеңберіндегі кездесуі болды.

Тараптар былтырғы ынтымақтастықтың қортытындысы талқыланатын және алдағы кезеңге ынтымақтастық бағдарлары айқындалатын осы форматтағы жыл сайынғы кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Казақстан-Американдық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы бес жылдық жоспарға сәйкес жұмыс жалғасуда. 2013 жылғы қараша айындағы ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің АҚШ-қа ресми сапары қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына жаңа қарқын берді.

- Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық операцияларға қатысу үшін даярлау саласындағы өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Қазақстан таяу арада Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларының біріне әскери бақылаушылар мен бір бөлімше жіберуді жоспарлап отыр. Бітімгершілік бөлімшесінің берік іргетасының қалануында біздің америкалық әріптестеріміздің елеулі үлесі бар, - деп генерал-майор Мүслім Алтынбаев атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштері кәсіби негізге көшу барысында келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтаудың америкалық үлгісін пайдалануға әзір екеніне тоқталды.

Әскери білім саласы ынтымақтастық алдағы кезеңдегі бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын қазақстандық офицерлер алдыңғы қатарлы шетелдік әскери жоғары оқу орындарына жіберіледі. 2014 жылы Қазақстанның қорғаныс ведомствосы АҚШ-қа төрт қазақстандықты «Вест-Пойнт» Құрлық әскерлерінің әскери академиясына, Әскери-теңіз күштерінің академиясына, АҚШ Жағалау күзеті академиясына оқуға жібереді. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев американдық әріптестерімен кездесу кезінде: Біздің әскери қызметшілерімізді АҚШ әскери оқу орындарында оқыту, американдық әскери білім беру мекемелерінің Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа қызығушылығы кадрлар даярлау деңгейін арттыруға бірегей мүмкіндік береді, - деп атап өтті.

Бұдан басқа әскери-техникалық саладағы қарым-қатынасты дамыту қазақстан-американ өзара іс-қимылының маңызды құраушысы болып табылады. Қазақстан Қарулы Күштерін жаңғырту шеңберінде қорғаныс саласын қаржыландыру ұлғайып келеді. Осыны ескере отырып біз өтеусіз көмек алудан өзара тиімді тең құқылы ынтымақтастыққа көштік. Бұл ретте Құрама Штаттар Қазақстан Қарулы Күштерінің технологиялық дамуына оң ықпал ететін негізгі әріптестердің бірі ретінде қаралады, деп генерал-майор атап өтті.

Сондай-ақ Мүслім Алтынбаев екіжақты әскери-техникалық қарым-қатынасты дамыту мақсатында қорғаныс-өнеркәсіптік компаниялар мен АҚШ әскери оркестрі биылғы мамыр айында өтетін «KADEX-2014» халықаралық көрмесіне қатысады деген үмітін білдірді.

Екіжақты консультациялар қорытындысы бойынша Майкл Дюмон қазақстандық әріптестеріне Қазақстан мен АҚШ арасында әскери ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0