Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:22, 10 февраля 2014

Қысқы олимпиаданы өткізудің ресейлік тәжірибесі Қазақстан үшін пайдалы — ҚР спорт баспасөз қауымдастығының президенті

Blog post image

CОЧИ. ҚазАқпарат — Осы күндері 52 қазақстандық спортшы Ресейдің курортты қаласы — Сочиде ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуда. Қазақстанның спорттық баспасөз қызметі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Сочидегі Ойындардың алдындағы ойындардан немен ерекшеленетінін және бізге ұлттық құрамадан қандай нәтижелер күту керектігін айтты.

Бізде қысқы спорт түрлері бойынша спортшылардың аздығын және спорттың осы түрлерінің жаңа дамып келе жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін қысқы Олимпиада ойындарына қатысудың қандай маңызы бар?

- Егер біздің хоккей командамыз лицензия ала алғанда, құрамамыздағы спортшылар саны қазіргіден көп болар еді. Бірақ 52 адам да аз емес. Мысалға алсақ, олипиадалық дәстүрге бай Франция командасы да осынша мөлшердегі спортшымен келіп отыр. Сонымен бірге, бұл ойынға біздің споршылардың қатысудың өзі біздің құраманың әлдеқайда мықты команда екенін көрсетеді. 20 жылдан астам даму тарихы бар ел үшін осындай байрақты бәекеге қатысу — өте маңызды және болашақ ұрпақ үшін пайдалы.

Екіншіден, біз үнемі елдің имиджін қалыптастыру үшін жұмыс істеп жатқанымызды айтамыз. Меніңше, қазақстандық спортшылардың қатысуының өзі еліміздің тек саяси және экономикалық салаларда ғана емес, сонымен бірге, спортта да танылып келе жатқанын көрсетеді. Әлемде адамдардың көбін саясаттан гөрі, спорт қызықтырады. Біз георграфияны елдің саяси жетістіктерімен немесе оның қайраткерлерімен байланыстырып емес, ол жерде қандай танымал жарыстар, әлем чемпионаттары өткенімен байланыстыра оқытамыз. Көбіне, спортшылар кейбір жұлдыздар мен саяси қайраткерлерге қарағанда танымал болып келеді.

Сіздің ойыңызша Сочидегі қысқы ойындар қандай деңгейде ұйымдастырылған?

- Ресейдің билік өкілдері осы ойындардың ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қараған. Қызмет көрсетушілерді дайындауда ауқымды жұмыстар жүргізілген. Олар шын мәнісінде, кез келген жерде, кез келген уақытта білікті көмек көрсетіп, кеңес бере алады. Әрине, біреулер Ресейдің неліктен қысқы Олипиада ойындарын Сочи сияқты курортты қалада өткізу туралы шешім қабылдады деп ойлауы мүмкін. Шын мәнісінде, мұнда келгенде, қысқы әлде жазғы ойындарға келгеніңді түсінбей қаласың. Күн нұрын шашқан жылы ауа райы, теңіз климаты, т.б. дегендей. Бірақ бұл әсер жалған. Бүгінде хоккей, конькимен сырғанау спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау бойынша арнайы жарыстарды өткізу үшін орталықтар мен алаңдар салу жеткілікті. Мұның бәрі жағалау аймағында орналасқан. Сонымен бірге, тау кластері бар, одан жоғарыдан төменге сырғанайтын шаңғышылардың жарысы өтуде, одан жоғары таушаңғылық еңістер, одан жоғары және солға қарай шаналы-бобслей трассасы орналасқан. Онда қармен қиындық жоқ, ал Олимпиада саябағы мен тау кластерінің арасында теміржол және автокөлік транспорты қатынайды. Меніңше, бәрі айтарлықтай жақсы дайындалған және тәжірибені дамытуда ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Біз 2022 жылы қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізуге өтініш бердік, бұл орайда заманауи Ресей тәжірибесі біз үшін баға жетпес болып табылады.

Тағы бір маңызды жаңалық — бұл жанкүйерге Олимпиада саябағына кіруге рұқсат беретін паспорты. Өкінішке қарай, бізде қауіпсіздік мәселелері алдыңғы орында тұру керек. Жанкүйер паспорты көп уақытты қажет ететін көптеген кедергілерден босатады. Соның арқасында қауіпсіздік қызметіндегілер өз жұмыстарын нақты жасайды.

- Әзірге болжам жасауға ерте екенін түсінемін. Айтыңызшы, біздің құрамадан қандай  нәтиже күтуге болады?

- Біздің медальдардан үмітіміз бар. Мәселен, біз шаңғышы Алексей Полторанинге үміт артып отырмыз. Ол осыған дейін жақсы нәтижелер көрсетіп келді. Сонымен бірге, біздің конькимен сырғанау спортында мүмкіндіктеріміз бар. Атап айтқанда, үмітімізді 1500, 1000  метрге қашықтықта бәсекеге түсетін конькиші Денис Кузин және мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге артып отырмыз.

Тағы бір маңызды мәселе, Лондон Олимпиадасынан кейін жанкүйерлердің көбі сондай нәтижелердің қайталануын  күтеді. Алайда мұндағы жағдай мүлде басқаша. Біріншіден, бұл қысқы ойындар, сондықтан, медальдар аздау болады. Екіншіден, мұндағы ахуал мүлде басқа. Десек те, жақсылыққа сенейік. Себебі, ойындар жаңа басталды ғой.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 
0
327
0