Бокс: Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 3 алтын мен екі күміс еншіледі

Kazsport agent 2014 M02 10
144
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бокстан «Иштван Боскай Мемориалы» атты 58-ші халықаралық турнирге қатысқан Қазақстан құрамасының барлық бес мүшесі олжалы болды. Олар 3 алтын мен 2 күміс медаль иеленді. Осы...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бокстан «Иштван Боскай Мемориалы» атты 58-ші халықаралық турнирге қатысқан Қазақстан құрамасының барлық бес мүшесі олжалы болды.

Олар 3 алтын мен 2 күміс медаль иеленді. Осы арқылы командалық есепте қазақстандық спортшылар екінші орынға жайғасты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Әділет Құрметов (52 келі), Ержан Ордабаев (56 келі), Асланбек Шымбергенов (64 келі) алтыннан алқа тақса, күміс жүлде Ержан Жомарт (49 келі) мен Нұрдәулет Жармановқа (81 келі) бұйырды. Айта кетейік, А. Шымбергенов турнирдің үздік былғары қолғап шебері атанды.

Командалық есепте қазақстандық боксшылардың алдына тек турнир иелері ғана шықты. Олардың атынан сайысқа 30 спортшы шықты. Ал барлық 10 салмақ дәрежесінде тартысқа түскен ресейліктер үшінші орыннан көрінді.

Жалпы мажарлық Дебрецен қаласында 5-8 ақпан аралығында өткен осы додаға 20 елден 108 спортшы қатысты.

Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0
Дальше