• 227
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Айып соққысының үздік орындаушылары

Қарсылас айып алаңына жақын жерден айып соққысы белгіленді! Стандартты жағдай. Доп алдында бразилиялық сиқыршы Жуниньо! немесе Роналдинью! қақпаның қаншалықты алыс-жақындығына бас қатырмайтын Роберто Карлос! Бұл әрқашан да қауіпті!!! Осы сияқты сөздерді осыдан шамамен оншақты жыл бұрын жиі естіп жататынбыз. Ал бүгін ше? Бүгінде доптың жанына кім келіп жатса да ондай сезім, ондай толқу жоқ. Мұның себебі неде? Әлде қақпашылар айып соққыларын тосудың беймәлім қырын меңгеріп алды ма? Неге айып соққылары қаҺарлы күшін жоғалтты. Алдыңғы буын марқасқалармен бүгінгінің үздіктерін салыстырып қарайық. Тек, бір ғана қырынан, айып соққыларын қаншалықты дәрежеде голға айналдыра алды.3

Біз миллиондар ойынының сиқырына шырмалғанымызға көп бола қойған жоқ. Оншақты жыл көлемінде. Бірақ, осы уақыт ішінде біршама нәрсе өзгеріп үлгергендей. Мысалы, айып соққысын орындау. Негізі, орындау сол баяғыша. Айып соққысынан шығатын нәтиже өзгерген сияқты. Бұрын әр ойында болмаса да, алыс қашықтықтан жойқын соққымен допты қақпаға тоғыта салатындар немесе қақпашыны алдап-соғып, допты қолмен қойғандай қылып, торды бүлк еткізетін шеберлер көп болатын. Бүгінгі күнде де шеберлер бар. Бірақ, нәтижелері бұрынғыдай емес.

Синиша Михайлович есімді футболшыны қазір біреу білсе, біреу білмейді. Футболшылық карьерасын оншақты жыл бұрын аяқтаған. Италия чемпионатының бір кездегі бойтұмарларының бірі. Сол чемпионаттың жарық жұлдызы Синиша Михайловичті көпшілік жанкүйер айып соққыларын орындау шеберлігі үшін жақсы көретін. Бір ойын барысында айып соққысынан үш доп соққан әлемдегі жалғыз футболшы да осы жігіт. Синиша сияқты ойыншысы бар команда әрдайым, әрқашан оның сиқырлы аяғына иек артуына болатын еді.

historia13

Бір қызықта жағдайды баяндай кетейік, Синиша өз клубтастарының бірінен бір айлық ақшасын ұтып алған екен. Жаттығу барысында екеуі бәстескен. Михайлович үш рет дәл алаң ортасынан допты теуіп қақпа маңдайшасына  кем дегенде екі рет тигізуге тиіс болған. Ал үшінші ұмтылыс керек болмай қалған. Екі рет дәл алаң ортасынан қақпа маңдайшасына допты тигізуге екі соққы жеткілікті болған.

Қазір, кейбір футболшылар жекелеген ойындарда керемет соққымен көзге түсіп жатса да, олар да бірқалыптылық жоқ. Оның үстіне бүгінгі футболда команда да кім лидер болса, айып доптарын сол футболшыға сеніп тапсырып жатады. Бұған мысал ретінде, Месси, Рибери, Ибрагимович сияқты футболшыларды алуымызға болады. Олар, сөзсіз мықты ойыншылар, сөзсіз талант, бірақ бәрі бірдей стандарттардың шебері емес. Солай бола тұрса да, көп жағдайда осы футболшылар доп алдына келіп жатады. Кейде, кейде гол соғылып та жатады. Бірақ, өте аз.

Жақында ғана көп жыл бойы Францияның «Лион» командасында тер төккен бразилиялық жартылай қорғаушы Жунинью Пернамбукану үлкен футболдан кететіндігін мәлімдеді. Стандарттардың хас шебері аладоппен қоштасып кете барды. Кезінде еуропаның үздік қақпашылары түсінде көріп, шошитын ойыншының бірі болды. Тепкен добы қақпадан табылып жататын еді. Енді Жунинью да жоқ.

Мадридтің «Реалы» «Галактикос» атанған кезде құрамында екі бірдей әлемдік дәрежедегі шебер бірге ойнады. Роберто Карлос пен Дэвид Бэкхем. Оң аяққа ыңғайлы нүкте ағылшындікі, сол аяққа келсе бразилиялықтікі. Карлос көбіне қашықтық таңдап бас қатырып жатпайтын, оның соққысын қақпашыға тура барған күнде де тосу қиын. Осы екі мықты бар кезде стандарттар үнемі «корольдік» клубтың қаһарлы қаруы саналатын. Бүгінде Роналду бар, Бэйл бар, Алонсо мен Модричте допты қақпаға түзу бағыттай алады. Бірақ, нәтижелері салыстыруға келмейді.

Real Madrid's David Beckham (R) talks wi

Италияндық аңыз ойыншы Роберто Баджо стандарттарды әдемі орындайтын. Өміріндегі ең маңызды пенальтиді соға алмай қалған болса да, пенальти соғу бойынша ең жоғарғы көрсеткіш те осы ойыншыға тиесілі. Айып соққыларын соғу бойынша да алдына жан салмайтын. Кейіннен Баджоның жолын Дель Пьеро жалғады. Қазір де Пирло бар. Пирлоның ізбасары деп танылып келе жатқан жас пері Инсинья бар. Италияндықтар да бұл жағынан бәрі сәтімен келе жатқандай әсер қалдырады.

368b5574c2a09f2d578e72c4c4dc343b

Форлан пен Суарестен алдын Уругвай құрамасын өрге сүйреген Альваро Рекобаесімді футболшы да ұмытыла бастады. «Интер» тиффозилері жақсы білсе керек. Ғасырлар тоғысында «Интер» басшылығы атақты Роналдомен бірге сатып алған. Роналдодан көрі уругвайлық жартылай қорғаушы жанкүйерлер жүрегінен тез орын тапты. Алғашқы кездесуінде-ақ дубль авторы атанды. Бірақ, бұл футболшы да көп жетістікке жете алмады. Ұлттық құрамада ол кезде Суарес, Кавани, Форлан сияқты ойыншылармен бірге ойнауды тек қана армандауға болатын еді. Уругвай ірі турнирлерден шет қалып жататын. 2002 жылғы әлем чемпионатында ойнады.

player_1203_3ba34

Келесі кезекте бразилиялық каталондық футболшыларға тоқталайық. Ривалдомен Роналдинью. Барселона сапында бірін-бірі ауыстырған екі супер-футболшылар. Ривалдо Барсада жүргенде айып соққысын тебуге одан басқа ешкім келмейтін. Сиқырлы сол аяқпен допты қолмен қойғандай жайғастыра салатын. Кейін Ривалдоны Роналдинью ауыстырды. Мессиден алдыңғы каталондық супер жұлдыздың доп ойнағаны  сиқырға толы болатын. Орнынан тапжылмай тұрып Чех қақпасына гол сала салады. Екі-үш қорғаушыны жұғым көрмей кететін кездері өте көп кездесетін. Тағы да айып соққысын әдемі тебетін еді.

9

Ривалдо баяғы жарқын жылдары артта қалған шақта Өзбекстанға келіп те доп теуіп үлгерді. «Бунедкор» футбол клубында ойнады. Сол кезде Өзбекстан тарихындағы ең үздік ойыншы Мыржалол Қасымовпен танысқан болса керек. Кейіннен ұлттық құраманы жаттықтырған өзбек жігіті стандарттың нағыз шеберлерінің бірі еді. Оның айып соққысынан гол соғу пайыз көрсеткіші 95%. qosimov201315

Бүдан біршама жыл алдын байқасақ айып соққысын тебуге шабуылшылар тіптен келмейтін. Олардың мамандықтары бөлек еді. Қазір шабуылшылардың біршамасы стандарттан гол соға алуымен ерекшеленеді. Мысалы, Дрогба, Руни, Месси, Суарес, Кавани. Шабуылшының универсал болғаны қай кезде де жақсы. Қазіргі үздік шабуылшылардың біршамасы осы қасиеттерімен мақтана алады.

Айып соққыларынан соғылған голдар тәртіп бойынша өте сұлу болады. Әрі әрдайым миллиондар ойынының көркін келтіріп тұратын кішкентай ғана бөлшегінің бірі болып қала бермек. Осы арада, «айып соққысын голға айналдыра алатын футболшылар көп болсын»- деген тілек айтқымыз келеді.

 

Жәнібек Әбішев

aladop
10 февраля 2014, 1:29
227

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 10132
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3347
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 2903
  • 31
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2255
  • 22
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 2092
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1994
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1855
  • 34
Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Стало известно о смерти четырехлетней Виктории Сусаевой. Отец девочки намерен подать на бывшую супругу в суд, так как уверен, что в смерти дочери виноваты ее религиозные воззрения.
lyalusha
21 июля 2017 / 14:35
  • 1535
  • 16