• 71244
  • 12
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Америкаландыру» демократияландыру емес

Өрелі рухсыз өркениет жоқ. Адамзат өркениеті экономикада – шаруашылық жүргізудің нарықтық әсілінен, саясатта – демократиядан, идеологияда – пікір алуандығынан тиімді еш нәрсе таба алған жоқ, - депті президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан өз тізгінін өзі ұстап, дүниежүзілік өркениетпен бірге табиғи серпіліс жолымен ілгері жылжуға бет бұрғалы қашан. Тәуелсіздігін тұғырлап, төрт тағанын тұтастап алғанмен, уақыт өткен сайын оның салмағының жеңіл емес екендігі сезіле түсті. Сыңайы, ескі жүйенің құрылымы мен нысандарын былай қойғанда, адамдардың басындағы сірі боп сіңіп қалған коммунистік догмалар мен алдамшы үлгілерден, жасанды қазына мен жауыр әдеттерден арылу бірнеше ұрпаққа жететін тауқымет сияқты.

Британдық Economist журналының еншілес басылымы Economist Intelligence Unit зерттеу компаниясының берген мәліметіне сүйенсек, Қазақстан әлемдегі демократия индексі бойынша 167 елдің ішінде 143 орынды иеленіпті. Өткен жылға қарағанда бірден 6 сатыға төмендеген еліміз Африка мен Азияның диктаторлық, жабық тоталитарлық мемлекеттер арасына жайғасыпты.

Дәл қазіргі уақытта дүниежүзілік өркениеттің классикалық кемел үлгісін табу қиын. Алайда оның басым нышандары  - демократия, адам құқығы, заң үстемдігі, нарықтық экономика, одан кейін жетік техника мен жоғары технология екені сөзсіз. Шын мәнінде, толыққанды демократия өмірді саясатсыз, мемлекетсіз ұйымдастыру болып табылады. Бірақ, қоғам өмірінен мемлекеттің жоғалуы "демократия" ұғымының қазіргі мәнінен айырады. Осылайша, қоғамда мемлекет болса, толыққанды демократияның орнауы мүмкін емес, ал толыққанды демократия орнаған жағдайда мемлекет те, қоғамдық қатынастарды реттеуші билік түрі ретінде демократияның өзі де керексіз болып қалар еді. Себебі қазіргі күннің өзінде қай елде болсын пісіп жетілген демократияны кездестіру мүмкін емес. Әр демократияның өзіндік шегі, қалыптары мен реңі бар. әрі демократия басты орынға қоятын адам құқығы да заңға бағынбайтын шексіз, шетсіз ұғым емес. Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ. Ал біздің елдің демократиясының ерекшелігі – тіліміз, рухымыз, діліміз, намысымыз бен салт-дәсүріміз болуға тиіс.

Демократия әлемдік өркениеттің бір жетістігі екені рас. Алайда, жаппай хаос, бейбастық кеудемсоқтық, яғни анархияны демократия деп атай аламыз ба? Көптеген қазақстандықтар демократияның жарқын үлгісі ретінде Американы бірінші орынға қояды екен. Ал жоғарыда аталған ұйым зерттеуіне сүйенсек, біз Америкадан емес, Норвегиядан үлгі алуымыз керек сыңайлы. Сол демократ Америкамыз, «Post Factum» газетінің мұрағатына сүйенетін болсақ, 1938 жылы Адольф Гитлерді демократияны әлемге таратқаны үшін жыл адамы деп таныпты.

Демократияланғанның жөні осы деп Еропаның моральдық қалыптарын меңгеруге талпынып, қазақы болмысымыздан да бас  тартуға болмас. Еуропаның демократиялық құндылықтары жайлы, еуропалық қоғамның мәдениеттілігі жайлы көптеген репортаж жасап, мақалалар жариялап жүрген белорусс оппозициясының өкілі Ольга Класкова сол Еуропаны өз көзімен көргеннен кейін  былтыр «Polska Prawda» сайтында  мақаласын жариялап, көзінің ашылғанын жылай жазды емес пе? «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер». Мұның мәнімен қоса құнын да түсіне білгеніміз абзал.

Қазіргі әлемдегі тенденция – ұлттық мемлекеттің құрылуы. Демократия деген сөздің «халық билігі» деген мағына беретіндігін де көпшілік біледі. Көпке салса  дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Дегенмен, халық бірауыздан дұрыс шешімге келеді деп айту да қиын. Егер үлкен корпорация кеңесі күрделі мәселелерді ортаға салып, талқылап, бір шешімге келсе – саналы адамдардың көпшілік дауысы жеңіске жетеді және келесі стратегиялық қадамды анықтайды. Тіпті, Артур патшаның осы сипаттағы дөңгелек үстелін еске түсіріп көріңіз. Мықтылардың мықтысы қатысқан ол жиын нәтижесінде мүмкін болған шешімдердің ең тиімдісін таңдауға жәрдемдескен деседі. Алайда, бұл әдісті қалың бұқараға кеңейтсек, әрбір адамға шешім қабылдау еркіндігін беріп қойып, көпшілік әрдайым дұрыс шешімге келеді деу қиын. Өз ойын еркін айту әркімнің қолынан келетіні рас, алайда салиқалы ой айта білу санмыңдаған адамның барлығынан табылатын қасиет пе?

Демократияны қорғау – саяси серпіліс. Мысалы, бала-бақшаға барған баладан оны қалай тәрбиелеу керек деп сұрасақ, ол өзіне керек ойыншық, тәттілердің қатарын көбейтері сөзсіз. Ал білдей бір корпорация өз қызметкерлері арасында стратегиялық жоспар жайлы сұраса, олардың қарсыластары той жасайтыны да тайға таңба басқандай. Көріп отырғанымыздай, көптеген тар саланың өзінде біз көпшілік билігіне жүгінгенді жөн санамаймыз, ал мемлекет билігіне келгенде демократияны қажетсінеміз. Көпшіліктің пікірімен санасқан да дұрыс. Тіпті, өте қажет. Дегенмен, әркім өз сөзіне, іс-әрекетіне жауап беруі тиіс. Олай болмағанда, демократияның өзегі – бостандық бейберекетсіздікке айналмайтынына кім кепіл? Сол күшті қолына қолшоқпар етіп ұстаушылар да табыла кетеді сол сәтте. Алайда, демократияланудың мәні осы екен деп, басқа елдің қолжетімді «құндылықтарын» басымызға көтеріп, үлгі санағанымыз әсте болмас. Табиғи алтын салт-дәстүр, ұлттық ерекшеліктеріміздің кесегін жалтыраған жат мәдениеттен жоғары қойғанымыз абзал. Еңселі биіктіктен көрінуді көксеген мемлекетіміз еліктеймін деп елдігінен айырылып қалмаса игі. Себебі Батыс батпағына малтығып, өзіміздің тұнығымызды лайлап алмауды басты мақсат етсек ұтатын елміз. Өзгенің ежіктей тексерілмей, екшей көрсетілген жат идеологиясы жанымызға сенімді серік бола алмас.

Демократияны жүзеге асыру үшін оның мәдениетін меңгеру басты талап. Бұл қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлесетін мағына дерсіз: бір-біріңді тыңдай білу, біреудің сөзін бөлмеу, барлық адамды теңдей көру. Яғни, сайып келгенде демократиялық құбылыстар легін сырттан іздеудің қажеттілігі шамалы. Өйткені қазақ халқының ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, яғни демократиялық еркіндігінің тамыры тереңде жатыр. Оған «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «дат, тақсыр» деген тіркестер дәлел бола алады. 
Қазіргі батыс елдерінің «батпақ» мәдениетін өз елімізге әкеліп,  демократияның үлгісі ретінде сіңістірсек, ол «демократияландыру» емес, «америкаландыру» болар еді. Азуын айға білеген «Көк түріктердің» аманат етіп тастап кеткен төл тарихымыздың, мәдениетіміздің шырағданы, «дала демократиясы» жайлы қазіргі таңда білетін адам кемде кем. Арты «қарусыз соғыс» немесе «сана-сезім соғысы» деген терминдерді дүниеге әкеліп, экспансиялық саясаттың бір көрінісін берді. Ақпараттық соғыс деген термин де соның дәлелі бола алады. Осы ретте айта кетерлік бір жайт, «ақпараттық демократия» деген ұғым бар. Негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар болып табылатын ол сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Яғни, халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Демократияның негізі осы екен  деп бұқаралық ақпарат құралдарын да ұлттық құндылықтарымызға қарама қайшы хабарлар жаулап алғаны рас.  Мұның барлығы демократия талабы болса, онда рухани байлығымызды, бұқаралық ақпарат құралдарын идеологиялық қару ретінде неге қолданбасқа. Шет елдің қаруынан біз қорғанып қана емес, өзіміздің ұлттық идеологиямызды қару етіп қолдана білуіміз де үлкен жеңіс болар еді. Көсегелі елге айналу үшін көшелі ой қозғау керек. Мәрмәр ой болса, марғасқа армандарымыз орындалатыны сөзсіз. Бұл үшін жаңадан жіктеп, тыңнан тізілім жасау да міндет емес. Шет елдің иесі белгісіз, жүйесі мәлімсіз «құндылықтарынан» біздің тамыры тереңге бойлаған байлығымызды жоғары қоя білсек болғаны. Қолымыз жеткенге қуана білейік. Қолымыздағыны бағалай білейік. Себебі, «қуана білмегенге құт қонбайтыны, бағалай білмегенге бақ қонбайтыны» тағы бар.

 

Гүлнұр Қуанышбекқызы

 
10 февраля 2014, 2:00
392

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8827
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3164
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3306
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3240
  • 52
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2872
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2956
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2427
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2185
  • 18