Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
5
01:58, 08 февраля 2014

Ақша жарататын емес, ақша туралы үйренетін клуб

Біз кеше клубқа бардық. Жооқ, екі иықты жұлып жеп билеп, ақша жарату үшін емес, сол ақша туралы үйрену  үшін. Дәлірек айтқанда экономиканың  қыр- сырына қанығу үшін. Ал тіптен дәлірек, экономикалық білім беретін "Іскерлік журналистика" клубы.Неге дәл осы клуб?

Келісесіздер, банк пен кредит алу деген терминдер кім үшін болса да, дайындықсыз емтиханға бару секілді... Сен ешнәрсе білмейсің, бірақ баға саған керек. Банк туралы ешнәрсе білмейміз, бірақ кредит алу керек. Сүйкімді қыз берген "кредит толтыру кестесі жазылған қағаз" біз үшін "таңсық әлемдегі" компас секілді. Адам білмегенінен  қорқады.Бұл бір

Соңғы шыққан даулы фильм? "Волк с Уолл Стрит." Нағыз экономистің өмірі. Әлемдегі ең танымал журналдың бірі? "Форбс."  Бар назарды баурап алған кез келген құбылыс экономикамен дәлірек айтқанда  байлық пен дәулетке, әйтеуір, қатысы болып шығады. "Жантақ жеп, алтын арқалайтын" әлемдегі барша журналистердің нысанасына айналарлық тақырыбтардың бірі. Мен әлемдік дедім. Отандық журналистикада мемлекеттік тілдегі де, ресми тілдегі де экономикалық басылымдарды табасыздар. Бірақ тағы да келісіңіздер.  Экономика тақырыбын әулетінің тамыр- тарихын түгендегендей алдымызға жайып салатын "қалам ұстаған жауынгерлердің" қарасы аздау.  Өкінішке орай, аздау... Міне, бұл екі

Студент- бәріне таныс ұғым. Қоғамдағы бұл "топ өкілдерінің" екі проблемасы бар. "Қалай диплом аламын?" және "Қалай жұмыс табамын?" АЛғашқы сұрақ ол өзіңе ғана байланысты. Ал екіншісіне сыртқы фактордың әсер етпей қоймайтыны рас. Жооқ, "жоғарыдағы көке" емес. Алматыға келгелі бері осы стеоротиптің жаңсақ екенін ұқтым. Ол фактор студент кезіңде араласқан орта. Болашақтағы бағытыңды қалыптастыратын да осы орта.  Бұл үш

Сонымен, еліміздегі қоғам үшін беймәлім тақырыптардың бірі ол экономика болды. Ақшаны барлығы жақсы көреді, бірақ ол туралы білетіндер аз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін журналистердің жаңа бір легі келмек. Олар бүгінгі энтуазист студенттер. Энтуазм біткен жерде бизнес басталатыны секілді, байбалам салудың уақыты бітіп, белсенділікке көшуді талап ететін уақыт келеді. Алла қаласа, экономиканы бір кісідей жаза алатын  15 "жауынгер" қосылмақ.

Blog post image

Клубтың мақсаты да, клубқа келудегі де біздің мақсат та осы болды. Бұл бастамасы.

Алдағы уақытта осы жолдардың авторын да ірі басылым беттерінен көріп қаларсыздар) Бұл енді өзіндік мотивация! Әзірге сіздерді, Қазақ журналистикасы үшін позитивті жаңалықпен құттықтаймын!


5
472
0