• 3924
  • 6
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мемлекеттік тілге де «PR» керек

Мемлекеттік тілге де «PR»  керек

АҚШ өздерінің армиясының басты базасы болып табылатын «Пентагонға» PR  жасау үшін бар болғаны 10 жылдың ішінде «60 миллиард доллор» жұмсаған екен. Егер, есептей білсеңіз, бұл қаржы біздің Қазақстанның ұлттық қорынан (70 миллиард) сәл ғана кем. «Пентагонға» PR жасауға АҚШ неге құлықты болғаны туралы ойласақ, олар өздерінің армиясының «теңдессіз» екенін әлемге көрсетпекші болды. Сол арқылы, әлемге қорқыныш ұялата білді. 60 миллиард доллордың тең жартысына BBC, СNN сияқты т.б. әлемдік телеарналарда АҚШ армиясы туралы жағымды, жеңімпаз, шабуылдық ақпарттар таратса, қалған тең жартысы «Голливудта» кино түсірілуге кеткен екен. Бүгінде АҚШ-тың армиясы туралы, батыр әскерлері туралы («Капитан Америко» т.б.) кинолары жер бетін қаптап кетті. Атыс-шабыс фильмдердің қай-қайсын көрсеңіз де, «Америка әскері жеңімпаз» екеніне көз жеткізесің. Әрине, бұл мысал «PR» технологияның саясиланғанын, маңызының артқандығын көрсетіп бере алады. «PR» арқылы ұлттық идеология жүргізу басқа елдерде әлдеқашан орын алған. Қиярға да пиар керек бүгінгі заманда мемлекеттік тілді дамытуға да ақылды, жүйелі түрде жасалған «PR» технологияның аса қажет болып тұрғанын байқай бастадық.

Мемлекеттік тілге «PR» қалай, қаншалықты жасалып жатыр?

«PR» - идеология жүргізудің технологиясы екенін ұмытпауымыз тиіс. Шын мәнінде, Қазақстан дұрыс «идеологияны»  жүргізе алмай отырғандығы да біздің назарымыздан тыс емес. Бастауы сонау АҚШ-тан пайда болған PR («Public Relations» – «Қоғаммен байланыс») біздің бүгінгі саяси жағдайымызда көбінесе «Көпұлттылық», «Үштұғырлы тіл», «Қазақстандық ұлт» идеологиясына қызмет етуде. Осы үшін билік қыруар ақша шығындап жатыр. Егер, байқасаңыздар, БАҚ-тың басым бөлігі, яғни мемлекеттің қарамағындағы ақпарат құралдарының барлығы дерлік осы идеологиялар төңірегінде ақпарат таратып, идеология жүргізуде. Тіпті, «Қазақстан», «Хабар» телеарналарында өзге ұлттардың мәдениетін насихаттайтын жеке бағдарламалар да жетерлік. Мерзімді баспасөздерде қызмет ететін журналистер «Мемлекеттік тілдің» тарапында болғанымен, тікелей болмаса да жанама түрде биліктің идеологиясының жұмыс істеуіне қызмет етіп отыр. Бұл билік өзінің идеологиясын астыртын түрде «PR» технология арқылы жүргізіп жатқандығын көрсетеді.
Қанша дегенмен, мойындау керек, халықтың ыза-кегінен сақтану үшін «Мемлекеттік тілге» пиар жасауға да азын-аулақ мемлекет тарапынан көңіл бөлінуде. Мәселен, телеарналарымызда өзге ұлттық жүргізушілердің тым белең алып, күнде таңертең қазақша сайрап отыруы – «PR» жасаудың бір түрі. Оның негізгі мақсаты бойынша «Еліміздегі өзге ұлттың өкілдері мемлекеттік тілдің пайдасын сезінсін, қазақ тілін білсе осындай үлкен телеарналарда жұмыс істей алатынын білсін» деген идеология тұрғандығы да мәлім. Дегенмен, ең алдымен, біз өзге ұлттың өкілдерінен гөрі өзіміздің шалақазақтарға «идеология» жүргізіп, мемлекеттік тілде сөйлетіп алғанымыз көбірек пайда келтіретін секілді. Мәселен, еліміздегі он миллионнан асатын қазақтың барлығы дерлік «Мемлекеттік тілде» сөйлейтін болса, қалған өзге ұлттық жеті миллион халық та он миллионның жетегіне ереді, істегеніне қарай ығысады, солардың сөйлеген тілімен сөйлейді. Өзге ұлттықтардың телеарналарда тым белең алуы халықты (қазақты) «билік өзге ұлтқа жалтақтап, өзімізге көңіл бөлмей жатыр» деген сынды негативті ойларға жетелеп, болашағына күдіктеніп, билік басындағыларға сенімсіздік танытып, жетістікке деген үміттерін үздірте бастайды. Яғни, бұл «PR» технологияның дұрыс жүргізілмей жатқандығын білдіреді. Бұл мәселеге келгенде, билік әбден ойлануы керек.
Мерзімді баспасөзден бастап, барлық БАҚ-ғы қазақтілді журналистердің «Мемлекеттік тілге» барынша қамқорлық көрсеткісі келетіні белгілі. Мемлекеттік тілдің мәселелері тақырыбында көптеген БАҚ күн сайын ақпарат таратып, сараптамалық материялдар беріп отырады. Дегенмен, ол материалдар халыққа тұрақты жетіп отырғанымен, «PR» технология өз мақсатына жете алмауда. Өйткені әр БАҚ «Мемлекеттік тіл» мәселесін әртүрлі етіп көрсетеді. Олардың арасында бірлестік жоқ, есесіне цензура басым. Сонымен қатар, мемлекеттік тілге қатысты материялдарды беруде журналистердің шеберліктері жеткілікті емес. Мақалаларында оқырманды белгілі бір ойға, қалыпқа шақыратын түпкілікті идеология жоқ. Сол себепті, мақалалардың дені пайдасыз. Оның үстіне мемлекеттік тілдің ахуалын тым төмен етіп көрсетуі оқырмандардың мемлекеттік тілдің болашағына қатысты ойларын негативтендіреді. Нәтижесінде, мемлекеттік тілден күдер үзе бастайды. «Мемлекеттік тіл» тақырыбында жазатын тілшілерге, негізінен, арнайы «PR» технологияны шебер пайдалануды үйрену керектігін көптеген ғалымдар мен сарапшылар айтып жатыр. Егер, «PR» технологияны шебер пайдаланып, БАҚ «Мемлекеттік тіл» мәселесінде идеологиялық бірлестік құра алса, берілген материалды немесе мақалаларды оқырманға дұрыс жеткізе білгенде, «Мемлекеттік тіл» мәселесі осы уақытқа дейін шешіліп қоятындығын да жоққа шығаруға болмайды. «PR» технологияны жүргізудің негізгі құралы БАҚ болғандықтан, журналистер бұл технологияны қалай қолдану керектігінен жақсы хабарлары болуы тиіс.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Тіл» комитеті тарапынан, сонымен қатар әр аймақтағы тілдерді дамыту басқармалары тарапынан «Мемлекеттік тілдің» БАҚ-та насихатталуына біршама қаржы бөлініп келеді. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты конкурстар да жыл сайын өткізіліп тұрады. Дегенмен, мемлекеттің көмегімен соңғы кездері ашылып жатқан сайт-порталдар, газет-журналдардың барлығы дерлік «Үштілділікті» насихаттауда алдына жан салмайтын болды. Мәселен, «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорынан қаржыланып жатқан «Ел.кз», «Массагет.кз» сайттары мемлекеттік тілді ысырып қойып, «Үштұғырлы тіл» идеологиясының жүзеге асуына белсене кіріскен. «PR» технология экономика және бизнес саласындағы қажеттіліктерден туғандықтан, оның негізгі тірегі – қаржы. Ал, қаржының қайда екенін ескерсек, «PR» жасауда мемлекет «Мемлекеттік тілді былай қойып, «Үштұғырлы тілге» көп шығындалып жатқаны анық байқалады.

Қайрат Нұртас немесе Мемлекеттік тілге жекелей «PR»

Бүгінде жас, әрі Қазақстандағы ең танымал әнші Қайрат Нұртастың соңынан айтылып жүрген өсек те, әңгіме де, жыр да өте көп. Біреулер шын өнер иесін қолпаштаса, енді біреулері сын тезіне алып, аямай сынап жатады. Енді бірі оның табынушысы болса, енді бірі - жек көрушісі болып табылады. Әйтеуір, шоу-бизнесте «Қайрат Нұртас» жұлдызының шоқтығы биік. Ол нағыз «шоу»-ды жасап жатқаны да мәлім. Бұл жетістіктерге жетуінде оның «PR» технологияны шебер пайдалануының маңызы ерекше. Ол «PR» арқылы өзін жарық жұлдыз етумен қатар, қазақтілді әндерге сұранысты арттырып, «Мемлекеттік тілдің» шоу-бизнеспен қатар, қоғам өмірінде белсенділігін арттыруда.
Қайрат Нұртас - Қазақстандағы тыңдармандардың сұранысына ие №1 әнші. Ол былтырғы жылы Мейрамбек Беспаевпен бәсекеге түсіп, альбомдарының сатылуы жағынан алғашқы орынға шықты. Оның сатылған альбомдары елімізде сатылған барлық дисктер үлесінің 6%-ын, ал барлық әншілердің сатылған үнтаспалары арасында 42%-ды құрады. Таңқаларлық статистика емес пе? Еліміздегі әншілердің 50%-дайы шығарған өнімді жалғыз өзі өндіріп отыр. Сонымен қатар, ол билеттер сатылымы бойынша да үздіктердің көшбасында. Қайрат Нұртас бұл тізімде ресейлік әншілермен бірге иық тіресіп тұр. Мәселен, әншінің шығармашылығына деген сұраныс Ресейдің танымал әншісі Стас Михайловпен бірге бәсекеге түсе алады екен.
«PR»-ды шебер пайдаланатын Қайрат Нұртас өзінің әрбір әніне клип түсіруден шаң жуытпайды. Ал, «қара PR»-ды қолданудан да ешкім онымен бәстесе алмайды. «Анаша шегіп алып билейтін», «Жатып алып боқтайтын» т.б. қара пиарға құрылған видеолары ғаламтор желісінде өріп жүр. Әрине, мұны көрген, естіген, тыңдаған халықтың «Қайрат Нұртас»-тан басқа айтар әңгімесі, тыңдар өсегі, көрер көзі болмайды. Ал, «Өкініш» фильміне не айтасыз? Қай әнші өзіне «PR» жасау үшін кино түсіріп жүр? Әрине, Мейрамбектің талай киноға түскенін білеміз, дегенмен ол «PR» жасау үшін емес еді. Ал, Қайрат Нұртас заманауи технологияны шебер қолдана алған. Керемет дауысы болмаса да табынушыларды топтап жинаған, сөйте тұра «тек қана қазақ тілінде» сөйлеп, мемлекеттік тілге деген, қазақтілді әндерге деген сұранысты арттыра алған «ең кәсіпқой шоу-бизнес өкілі» екенін мойындау керек. Ал, еліміздегі басылымдардың барлығы дерлік Қайрат Нұртас жайлы өсек айтпаса тұра алмайтын болып қалған. Сонымен қатар, ол «Жастар. Қоғам. Ақиқат» журналының демеушісі екенін де білеміз. Ал, өзінің брэнді іспеттес «Қайрат Нұртас» журналын шығармақшы болып жүргенін де құлағымыз шалып қалды. «Қайрат Нұртас» брэнді жазылған футболкалары болса, қазірде сатылымда қаптап жүр. Айтқымыз келгені, Қайрат Нұртас «PR» технологияның «керемет пайдасы барын» бізге практикалық тұрғыдан дәлелдеп бере алған алғашқы қазақстандық. Сондай-ақ, орыстілділердің «Мемлекеттік тілге» деген сұранысын керемет дәрежеде арттырып жүрген, өзінің «PR»-на «Мемлекеттік тілді» арқау етіп жүрген Қазақстандағы жалғыз әнші.
Қазақстанның шоу-бизнес тарихында ешқандай әншінің шын табынары болмаған. Ал, тамыздың 31-і күні Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда және ойын-сауық кешенінде эстрада әншісі Қайрат Нұртас қатысқан концерттік шараның жаппай тәртіпсіздік пен қиратуға, полиция мен мыңдаған жастың қақтығысына ұласқаны жұртшылық арасында қилы пікір туғызып, Қайраттың табынушылары өте көп екенін дәлелдеп бере алды. Әрине, кей пікірлер Қайрат Нұртасты кінәласа, әншінің өзі бұл жағдайға байланысты ұйымдастырушыларды айыптады. «Facebook» желісіндегі белсенділердің талқылауларында Қайрат Нұртастың әншілік деңгейінен бастап, тыңдармандардың мәдениеті мен әлеуметтік құрамына дейін сөз болып, «Қайрат Нұртас бүгінгі жастардың, әсіресе, қазақ тілді жастардың жұлдызы» дегенге саятын пікірлерін білдіріп үлгеріпті. Сөздің шыны керек, Қазақстан эстрада тарихында ән үшін табынушылардың бүлік шығарғаны бұрын-соңды болмаған оқиға. Ал, Қайрат Нұртас эстрадада үлкен тарих жасай білді. Мұнда «PR»-дың орны ерекше.
Оқиғаның ертесіне еліміздегі бүкіл баспасөзді жинап алып, әншінің продюсері «баспасөз конференциясын» өткізеді. Бір қызығы, баспасөз мәслихатында орыстілді тілшілер сауалдарына орыс тілінде жауап беруін бірнеше рет өтінсе де, әнші Қайрат Нұртас та, анасы да «тек қана қазақ тілінде» тіл қатып, «Мемлекеттік тілдің» мерейін үстем етеді. «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» екенін заң жүзінде білетін және бұл заңды қолдана білген Қайрат Нұртастың берілген сауалдарға толықтай қазақ тілінде жауап беруіндегі құқығын ешкім таптай алмайды. Ал, кейіннен «бақ.кз» порталы тілшісі қойған «Қайрат, көп адамдар сені орыс тілін білмейді, білсе де әдейі сөйлемейді деп сөгіп жатады...», - деген сауалға: «Мен орыс тілін білемін. Алматыда 20 жыл тұрып, қалай орысша білмеуге болады? Кейбір концерттерде орыс тілінде әндер орындаймын. Бірақ, әлде біреулердің қытығына тию үшін орысша сөйлемеймін. Өз Отанымда ана тілімде ғана сөйлеуді жөн көремін. Әлде, бұл ойым дұрыс емес пе? Қазақ тілінде Қазақстанда сөйлемегенде енді қайда сөйлемекпін? Мәселен, Мәскеуге табан тіресем, орыс тілінде сөйлеймін. Ал АҚШ-та болсам, ағылшынша тіл сындыруға тырысамын», - деп жауап беріп, азаматтық парызын толығымен атқарады.
Кейіннен Қайрат Нұртастың «Мемлекеттік тілге» деген ерекше назарын баспасөз беттері ерекше назарға алады. Мәселен, «Үкімет те, оппозиция да қазақ тілін мойындайтын кездері. Саясаттан ат-тонын ала қашатын қазақтың ұлттық мәселе бойынша толқыса тоқтамайтынын Үкімет түсінген сыңайлы. Бүкіл орыстілді шенеуніктер мен оппозиция әкелеп-көкелесе де бір жерге жинай алмайтын мыңдаған халықты тек қана қазақша ән айтатын Қайрат Нұртас бір өзі жинап алғанын көздерімен көрді. Халықтың талғамы жоқ десек қателесеміз. Ел Қайрат Нұртастың қандай деңгейдегі әнші екенін біледі, шоу-бизнестен хабары бар. Халық ол араға Қайрат Нұртас үшін емес, қазақ тілінде, өз тілдерінде ән тыңдауға барды. Иә, иә! Ол жерде қазақ сүйіп тыңдайтын кез келген қазақ әншісі концерт берсе мыңдаған адам жиналатыны сөзсіз. Қайраттың «Прайм-Плазадағы» жағдайға байланысты өткізген баспасөз-мәслихатына кешігіп келген аздаған әдепсіздігін орысша сұраққа қазақша жауап беріп, мінез көрсетуі жуып-шайып жіберді. Әрине, қазақша ән тыңдауға келген жұртты дүрліктіріп, өз мақсаттарына пайдаланып арандатпақшы болған адамдар болса, тәртіпсіздік кезінде тонаумен айналысқандар болса, жазаларын алары сөзсіз», - деп, Қайрат Нұртасты ақтап, оның жасап жүрген азаматтық парызын ерекше назарға алады. Шынында, көптеген партиялар бір жерге жинай алмаған халықты Қайрат Нұртастың бір өзі жинауы – PR технологияның жетістігі. Логикалық тұрғыдан алғанда, «Мемлекеттік тіл» мәселесін өзіне ерекше қару етіп алған Қайрат Нұртас тек қана қазақша сөйлеу арқылы көптеген басылымдар мен баспасөздің назарына ілікті. Яғни, өзіне де, мемлекеттік тілге де «PR» жасай білді.
Қайрат Нұртастың шоу-бизнесте қазақша ән айту арқылы күректеп қаржы тауып жатқанын мысалға алып, бұдан кейін Қайрат Нұртас сияқтылар елімізде көбейетіндігін кейбір сарапшылар мысалға алады. «Мына үрдісті аңдайтын уақыт болды: қанша дегенмен, қазақ халқы қаланы жаулауды аяқтап келеді, енді оны игеріп, меңгере бастады. «Қайраттар» соның әлсіз болса да, алғашқы жарқын көрінісі. Ит үргенмен - керуен көшеді. Енді «Қайраттардың» көбейетіні сондай, оларды жазғыру мен менсінбеу былай тұрсын, жаппай «қазақтілді» әнші болуға ұмтылыс молаяды. Себебі, қазақ тілі мен оның әні, киносы ақша таба бастады! Енді қайтесің? Баян Есентаеваның сөзімен айтсақ «Тұз жала болмаса, Өле қал!» - дейді кейбір коментарийшылар өзінің жеке парақшасында. Расында, Қазақстандағы шоу-бизнесте орыстілділерге қарағанда қазақтілділердің жағдайы алға шығып, ақшаны қопарып жатқаны рас. Ендеше, өнер иелерінің барлығы дерлік жуық арада  «Мемлекеттік тілді» меңгеруге көшетінін болжауға болады.
Шоу-бизнестегі шоқтығы биік Қайратты орыс тілін білмеуіне байланысты «мәмбет» деп айтушыларға қарата: «Қайрат НҰРТАС әнші емес екен» - Оттаған әңгіме! Әрине, Қайрат қазақ эстрадасына жаңалық әкелмес, дауысы  зор болмас, ауылдан кеше шыққан болар... Бірақ, шоу-бизнесте бір ғана көрсеткіш бар – өнерің ақша табуға жарай ма, тұрақты тұтынушың бар ма – болды! Қалғаны - бос былшыл! Және Қайраттың тыңдарманы қылмысқа баруға әзір екен! Демек, бұл қазақ руханиятындағы феномен! Қазақ әнінің піртұтары бар! Бұл – әнші өнеріндегі ең бақытты шақ! Ендеше, «мәңгүрт» те, «мәмбет» те тарихтағы біздің рухани тыртығымыз болмас, елеусіз ғана жараның орны болып, бітіп кетеді», - деп «нағыз сұраныс» болған жерде «нағыз өнер» болатындығын айта кетеді. Былайша айтқанда, Қайратты қолдаушылар еселеп табылады. Белгілі журналист Руслан Желдібай: «Қайрат Нұртас баспасөз мәслихатын тек мемлекеттік тілде өткізуі арқылы өз тіліне құрметтен бөлек, қазақ тіліне деген сұранысты арттырды» деп жоғары баға береді.  Ал, «Қазақ тілін білмейтін журналистер баспасөз мәслихатынан кейін жаппай тіл меңгеру жөнінде шешім қабылдады деп ойлайсыз ба?» деген сауалға журналист: «Орыстілді тілшілер берілген жауапты қазақ тілінен орыс тіліне аударуға мәжбүр болды. Егер барлығы осылай жасаса, қазақ тілін оқымағанда қайтеді?» - деп жауап қайырады. Демек, «Қайрат» сияқтылар көбейсе, «Мемлекеттік тілдің» болашағы жарқын болмақ. Орыстілді тілшілерді осы уақытқа дейін қазақша білуге мәжбүрлеген Қайраттан басқа кім бар? Және бұл «PR» технологияның керемет әдісі.
«Абай.кз» сайтында Сәкен Алдашбаев атты автор «Абайды ұмытқан, Қайратты ұлықтаған балалар…» атты мақаласын жариялады. Ол өзінің басынан өткен оқиғасын былай баяндайды:  «Осыдан екі-үш ай бұрын болса керек, қоғамдық көлікте келе жатқанымда бір аялдамадан бес-алты жасар баласын көтерген жас келіншек мінді. Қызылордада қайбір автобус жай жүреді дейсің, атан жарысқа салғанда әлгі бала құлап кетер дедім де, анасынан сұрап, алдыма отырғызып алдым. «Бала тілі бал» демекші, әлгі кішкентай құлыншақтан әрнәрсені сұрай бастадым да, қандай тақпақ білесің дедім қызықтап. Әлгі бала Қайрат Нұртастың «Ол сен емес» деген әнінің сөзін зырылдатып айтып берді. «Ой, жарайсың» дедім де, басқа қандай тақпақ білесің дедім қазбалап. Тағы Қайраттың бір әнінің сөзін айтып берді. Бұдан басқа, бұдан басқа деп отырып, келіншектің түсетін аялдамасына дейін бірнеше тақпақ айтқыздым. Бірақ ең өкініштісі, бар білетіні бүгінгі күнгі жас әншілердің айтып жүрген әндерінің сөзі екен. Сорпасы су татитын, ұйқасы мен мағынасы жараспайтын өлеңдерді қалай жаттағанын қайдам. Қалай болғанда да бүгінгі жас әншілер әнінің балалардың жүрегінен орын тапқанына таңқалдым. Сөйтіп, Қайратшыл бала түсейін деп жатқанда «балам терме білесің бе?» деп сұрадым. Бала «ол не?», деп анасына қарады. «Абай атаның өлеңін білесің бе?» дедім тағы. Дегенім сол екен, анасы: «Аға, оның өлеңдерімен баланың басын қатырмаңыз», - деді де баланы жұлып алғандай алды да автобустан түсіп кете барды», - дейді мақаласында. Автордың жас балалардың термені, ұлы Абайдың өлеңдерін білмеуін сынға алғаны дұрыс. Дегенмен, оған Қайрат Нұртас кінәлі емес қой. «PR» технологияның пайдасы орасан зор екенін есепке алсақ, жастарымыз бен балаларымыз пиарланып жатқан Қайраттың өлеңін тыңдай ма, әлде пиарланбай жатқан Абайдың өлеңін бе? Абайдың өлеңін жатқа білу үшін де дәл бүгінгі күні «PR» керек. Ал, «PR» технологияны ақшасыз жасай алмайсың. Қысқасы, мәселеден мәселе туындай береді...

Мемлекеттік тілге ақылды «PR» жасау мәселесі

М.Ломоносов: «Қайда қарасам да көретінім химияның элементтері», -  деген екен. Дәл сол сияқты еліміздегі әрбір азаматтың «Қайда қарасам да көретінім мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деуі үшін қыруар шаруалар атқарылып, ол үшін мемлекет тарапынан немесе жекелей мемлекеттік органдар тарапынан қомақты қаржы бөлініп тұруы тиіс. Саяси партиялардың, мүдделі топтардың, әлеуметтік топтардың БАҚ-та «Мемлекеттік тіл» мәселесіне орай бір ғана қоғамдық пікірдің, бір ғана ойдың («Мемлекеттік тілді білу міндетті» деген тәрізді) болуы үшін де «PR» технологияны жүргізудің маңыздылығы орасан зор. Азаматтық қоғам институттарының бірлескен әрекеттерімен қатар, ішінаралық саяси процестерге ықпал етуде де заманауи түрдегі саяси PR-технологияларды қолдану үлкен маңызға ие болып саналады. Пиардың қызмет ету саласына «Мемлекеттік тілді» дамыту мәселесін кіргізіп, мемлекеттік тілде сөйлеуді жұртшылыққа насихаттау, мемлекеттік тілдегі проблемаларды жойып отыру, мемлекеттік тілдегі жарнамалардың тиімсіздігіне қатысты мәселелерді шешу, жалпы алғанда, мемлекеттік тілге байланысты көзделген обьектінің қоғамдық келбетін қалыптастыру т.б. жағдаяттарда «PR» технологияны қолданудың ерекшелігі зор.
Дамыған елдерде «PR» технологияның механизмдерін қолдану – саяси мәдениетті көрсетеді. Шын мәнінде, біздің билік басындағы шенеуніктерде «саяси мәдениеттің» төмен екенін байқауға болады. PR-ды дамыған демократиялық жүйедегі «тиімділігі мен қауіпсіздігіне» көпжылдар бойы қолдану тәжірибесі дәлел бола алады. Бұл дегеніміз, бүгін ұлт араздықты қоздыруда аса күрделі және қауіпті болып отырған тіл мәселесінде «PR» технологияны қолдана отырып, тіл мәселесін шешу ешкімге, ешқандай зияндық келтірмейтінін атап өтуіміз керек. Ол үшін билік немесе «Мемлекеттік тілді» дамытуды көздеген кез келген субьект, ең алдымен, «PR» объектінің идеясы мен іс-әрекеттерін (идея бұл жерде халықтың жаппай «Мемлекеттік тілді қолдануы» болуы тиіс) қоғамдық қолдаумен қамтамасыз ете алып, идеяны ақпараттандыра алуға қауқары болып, саяси және идеологиялық ойларды қанықтырып, яғни «PR» объектісінің келбетін құрып, оны баянды ету, PR объектісінің  арнайы жағдайларды өзінің жақсы жақтарын көрсете алатын, «PR» объектісінің ерекше қабілеттерін анықтауға бағытталатын механизмнің бастан-аяқ жүйелі құрылуын қамтамасыз ете алуы тиіс.
«PR» мамандары «Мемлекеттік тілді» тікелей жарнама немесе үгіт-насихат арқылы халықтың ықыласын ояту мүмкін еместігін айтады. Ол үшін үлкен, бас-аяғы жүйелі түрде ойланған, «PR» технологияны қажетіне жарата алатын «идеология» қажет екен. «Мемлекеттік тілге» жасалатын PR стратегияның түзу барысында-ақ  әлдеқайда тиімді басымдылыққа ие мүмкіндіктер өзінен-өзі айқындалады. Үгіт-насихат пен жарнаманың негізгі мақсаты – әсер етуші объектіде қажетті және тиімді көзқарас субъектісін қалыптастыру болса, «PR» технологияда екі тараптың, тіпті одан да көп тараптардың мүдделері ескеріледі де, барлық қатысушылардың мақсаттарын келісе шешумен бірге, тараптардың бірлесіп әрекет етуде қабылдаған еркін шарттарынан тұрады. Яғни, билік «Тіл саясатын» жүргізуде «PR» технологияны жүйелі пайдалана білсе, ұлтаралық татулықты сақтай отырып, барлық тараптардың сенімдерінен шыға отырып, «Мемлекеттік тілді» төрге оздыруға әбден болады. Сонымен қатар, әрбір тараптың ұзақ мерзімді жауапкершіліктерін болжай отырып, табысқа жету  тек қана «PR» технологиядағы жалпы түзілген этикалық нормаларды сақтаған жағдайда қолжетімді бола алады.
Қысқа мерзімді уақытқа жоспарланған аралық мақсаттарға жетуде үгіт-насихат технологиясының тиімділігін мойындауымыз керек. Мұнымен бұл технологияның әйгілілігі мен қолданысының кеңдігін назарға алуға болады. Әсіресе, тез арада қажет болған саяси мобилизация кезеңінде, мысалы кандидаттың белгілілігі мен атақтылық рейтингін көтеру жағдайында қолданылуын көре аламыз. Айта кететін жәйт, заңсыз деп танылған саяси технологияларды қолдануға деген қызығушылық туралы аңыз, алдымен, саяси технологтардың өздерімен қолдау тапқан. Олар пиар технологиялардың сарқылмас қорын пайдалану әдісін біледі.
PR технологияларын тарату жолында кездесетін кедергілердің бірі - «қара пиар». Ол саяси ғылым дилетанттарымен және жеке журналистер арқылы қоғамдық ой-өрісі жоқ көрбілте санаға нықтап орныққан, «қоғаммен байланыс» деген ұғымды түбегейлі жоққа шығаратын технология болып саналады. Төменде тақырыпқа сәйкес цитатаны келтіре кетейік: «Көпшілікті алдау – «пиар» — РR («паблик рилейшнз») дейтін сәнді атқа ие болды». Дегенмен, «қара пиар» технологиясының шоу-бизнесте үлкен пайдасы болғанымен, мемлекеттік тілді дамытуда мұны мүлде қолданбаған жөн. «Мемлекеттік тілге» барынша ақ пиар, яғни мемлекеттік тілдің жақсы жақтарын көрсететін, халықты оның болашағына сендіре алатын, жастардың барлығын қызықтыратын пиар керек. Қорытып айтсақ, бүгінгі таңдағы ақпарат ағымы соншалықты ауқымды, әртүрлі және қайшылықты болып келетіндіктен, PR мамандар былай тұрсын, қарапайым адамдардың ұғынуы өте қиынға соғады. Бұл – БАҚ-ның қоғамдық санамен манипуляция жасауына кең мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі азаматтардың ақпараттылығы көбіне, ақпараттың қандай критерийлер мен  мақсаттарда жиналып, нақты факторларды қаншалықты терең дәрежеде көрсете алуына және ақпараттың берілу әдістері мен құрылымына байланысты. Мәселен, «Мемлекеттік тілдің» мәселесін әр БАҚ әртүрлі етіп көрсететінін жоғарыда атап өттік. Бірі – мемлекеттік тіл дамып жатыр десе, бірі – оның дамығандығын жоққа шығарады. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік тілге деген сенімсіздігін оятып, одан мүлде күдер үзе бастайды. «Мемлекеттік тілге» деген қызығушылықтары жоғалады. Осындай ақпараттық күрмеуі қиындаған заманда «Мемлекеттік тілдің» дамуына біржақты әсер ететін, «PR» технологияны пайдаланатын үлкен «идеология» жүргізудің сәті дәл бүгінге келіп тұр. Тек мұны қолдайтын адамдар табылса болғаны...

 
7 февраля 2014, 22:00
723

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8526
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2963
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3113
  • 37
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2433
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2559
  • 31
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 1993
  • 17
Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Шум, гам, есть люди воспитанные, есть невоспитанные, есть просто дикие люди. Есть и странные люди. В очередях хаос, все друг друга хотят перепрыгнуть, все суют свои бумажки под нос справочному бюро.
decorus
14 июля 2017 / 16:04
  • 2156
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2096
  • 50