4 ақпанынан бастап «Холдинг „Кәсіпқор“ КЕАҚ өкілдері орта мектептерін бітіруші түлектері арасында бірінші брифингін өткізді.

Холдинг Кәсіпқор 2014 M02 7
743
0
0
0

2014 жылғы 4 ақпанынан бастап «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ өкілдері Холдинг қызметімен таныстыру және Атырау қаласындағы мұнай-газ саласындағы мамандарды дайындау және қайта дайындау өңір аралық...


Брифингтер барысында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, Apec Petrotechnic туралы презентация көрсетілді: түсу тәртібі мен ережелері, оның артықшылықтары мен оқу шарттары. Сондай-ақ, мектеп бітірушілер математика мен ағылшын тілінен тест тапсырып іріктеудің бірінші турынан өту мүмкіндігіне ие болады. Бірінші турдан сәтті өткен оқушылар тестілеудің Атырау қаласындағы APEC Petrotechnic колледжінде канадалық нұсқаушылар өткізетін екінші турына автоматты түрде өтеді.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласының Жетімдер үйі және Жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығы түлектері де  APEC Petrotechnic-ке түсу үшін бірінші іріктеу турына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Холдинг өкілдері ұқсас іс шараларды Ақмола облысының бірнеше жетімдер үйінің түлектері арасында да өткізген болатын.

Брифингке қатысушылар Колледжге түсу тәртібі, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ өкілдері мектеп оқушыларының барлық сұрақтарына толығымен жауап берді, қатысушыларғы APEC Petrotechnic туралы презентация көрсетілді.

Екінші іріктеу туры Атырау қаласында 2014 жылдың 7 – 28 шілде аралығында өтеді. Талапкерлер келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады: математика, физика, химия және ағылшын тілі. APEC Petrotechnic-ке түскен оқушылар тікелей қатаң іріктеуден өткен және жоғары білікті шетелдік оқытушылардан білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі колледж APEC Petrotechnic «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ бірінші жобасы болып табылады.

APEC Petrotechnic-те Холдингтің стратегиялық әріптесі және мұнай-газ саласында кадрлар дайындаудағы әлемдік лидер Оңтүстік Альберта (Канада) Институты - SAIT Polytechnic-тің жоғары білікті оқытушылары білім береді.

APEC Petrotechnic-ке оқуға түскісі келгендер 11 сынып, колледж және жоғары оқу орнын бітірушілер болуы тиіс. Оқу процесінде студенттер мақсаты ағылшын тілін және мұнай-газ ісінің негіздерін терең оқып білу болатын Foundation бағдарламасын өтеді. Foundation бағдарламасын сәтті аяқтаған жағдайда студент таңдаған мамандығы бойынша оқуын жалғастырады.

Холдингтің келесі ақпараттық брифингтерін Ақтөбе (10 ақпаннан бастап), Шығыс-Қазақстан (17 ақпаннан бастап) және Маңғыстау (25 ақпаннан бастап) облыстарында өткізу жоспарланып отыр.

Толығырақ ақпарат «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ www.kasipkor.kz сайтында.

Джумагулова Тогжан: 8 701 576 33 26, Муканова Айнура: 87759133332

 

Анықтама:

«Кәсіпқор» Холдингі

«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғам ҚР Үкіметінің 2011жылғы 7 шілдедегі №777 қаулысымен құрылған. Холдинг тапсырмасы «Кәсіпқор» жүйесінің ұйымдарында таңдаулы әлемдік ТжКБ саласындағы оқыту және менеджмент тәжірибенсін енгізу. Келешекте табысты қабылданған тәжірибе Қазақстан Республикасының бүкіл ТжКБ жүйесі масштабында таратылатын болады.

Оцените пост

0