Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:49, 07 февраля 2014

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлеріне Президент стипендиясы табыс етілді

ҚазАқпарат, 07.02.2014

Мемлекет басшысының көмегімен отандық мәдениет дамуда. Мен өзге елдердегі әріптестеріммен араласамын, сондықтан Қазақстанда мәдениетке көп көңіл бөлінетінін айта аламын.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен мәдениет және өнер қызметкерлеріне Президент стипендиясын, сондай-ақ өткен жылға салалық мемлекеттік стипендиясын табыстау рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі  Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

Стипендия иегерлеріне арнап Елбасы құттықтау сөз жолдады. Оны ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев оқыды.

«Қазақстан халқына арналған бұл жолғы Жолдауда мәдениет саласын дамытуға баса назар аударылды. Қазақстандық мәдениет дамуының көпжылдық Тұжырымдамасын дайындауды тапсырамын», - деп жазылған ел Президентінің құттықтау сөзінде.

Отандық мәдениетті өркендетуге зор үлес қосқан 100 қызметкер сыйақыға ие болды.  Олардың арасында  Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Юрий Померанцев, Анатолий Молодов сияқты өнер майталмандары, сонымен бірге жас дарындар - Берік Айтжанов, Мәдина Баспаева, Тайыр Ғатауов және Әлия Досбатырова бар.

 
0
377
0