Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
02:29, 07 февраля 2014

Аманкелді Өтешов (Жақау): «Мен эротикалық клип шығарған Шыңғысты ит тірлігін тастамаған пенде деп білемін»

Тыңдармандарға «Жақау» деген атпен танылған рэп-әнші Аманкелді Өтешовпен интернет арқылы сұхбат жүргізіп көрдік.

- Аманкелді, бұрынғы сұхбаттарыңызда да айтып жүрсіз. Дегенмен оқырмандарымыздың бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондықтан «Жақау» аталуыңыздың себебін  айтып өтсеңіз.

- Жақау – менің руым. Бұл ру өз бастауын Адай руынан, соның ішінде Бәйімбеттен, Мұңалдан алады. Текей аталып кеткен атамыздың кенже ұлы Жақау атамыз болған екен. «Жақау» деп қоюдағы себеп – өзгелер қате түсініп жүргендей, өз руымды жарнамалау немесе мақтану емес. Мақсатым – руластарымды табу болды. Себебі, біздің руымыз өте аз таралған рулардың қатарына жатады. Оның үстіне әрқайсысы әр жақта шашылып жүр. Солардың басын біріктіргім келді. Бірінші себебі осы. Екінші жағынан, тентектікті қойып, лирикалық бағытқа бет бұра бастағанда осы бір атауды алған болатынмын. Қателеспесем, ол 2007 жылы болуы керек. Сол жылдан бері осы атаумен келемін.

жакау545

- Рэп жанрына келуіңізге не түрткі болды?

- 2002 жылы Жаңаөзен қаласында рэп орындаушылар көбейе бастады. Барлығы дерлік орыс тілінде оқиды екен. Сол жылы күз айында болу керек, қала әкімшілігі мен «Скромные хулиганы» рэп командасы рэп фестиваль ұйымдастырды. Біз сол фестивальда екінші орынға ие болдық. Шамамен 18 команданың ішінде қазақша рэп оқитын 2 ғана команда екенбіз. Көпшілік жұрт «қазақша рэп жараспайды», деп бізді менсінбей, кемсіте бастады. Кемсітудің астында қазақ тілінің де тағдыры мен болашағы жатқанын олар білген жоқ. Осылайша намысыма тиген көпшілікке қазақ рэбінің болашағы бар екенін дәлелдеп беру мақсатында іске кірісіп кеттім. Нәтижесін ел көріп отыр. Қазақ тіліне қазақтан басқа жанашыр жоқ екен, ағайын.

- Демек, алғаш рэп айтып бастаған кезіңізде қарсылық танытқандар көп болған шығар?

- Қарсылық қай кезде де болған. Өйткені көреалмаушылық қазаққа жат нәрсе емес. Кезіндегі тентек әңгімелердің жазылуына да солар себеп болған. Оны тыңдармандар жақсы біледі. Мен ешқандай оған жасымаймын да, өкінбеймін де. Әр нәрсе өз уақытымен.

- Балаларыңыз жолыңызды қуса қарсы болмайсыз ба? Жалпы өнер адамы болғанын қалайсыз ба?

- Қай ата-ана балаларының жаман болғанын қалайды?! Мен алдымен олардың бойынан адамгершілікті, адалдықты, әдептілікті көргім келеді. Балапандарым құран мен сүннетке ерсе екен деген әкелік тілегім бар. Иманды болғандарын қалаймын. Өнерлі болған жақсы ғой. Бірақ уақытыңды ысырап қылады. Әрине, түсінген жан үшін.

- Өнеріңізді жалғастыратын шәкірт тәрбиелегіңіз келмей ме?

- Шәкірт болғысы келетіндер жетіп артылады. Әр қаладан хабарласып жатады. Оларға келісімімді әлі  бере қойған жоқпын. Дегенмен маған еліктеп, өлең  жаздырып жататындарын да тыңдармандарымнан естіп жүрмін. Ұстаз болған жақсы ғой, әрине, ол адамның өзіне пайдасы тисе.

- «Жамағат» орталығы туралы айтып беріңізші. Не үшін бұлай аталған? Әлі жұмыс жасап жатыр ма?

- «Жамағат» орталығының өнері қалың жұртшылыққа, жамағатқа арналған. Атауы да соған байланысты қойылған. Иә, қазір жұмыс жасап жатырмыз. Жаңалық болып жатса сіздермен бөлісуге асығамыз.

- Қазақ рэбінің белді өкілі ретінде «Бүгінгі қазақ рэбі қай деңгейде?» дегенге  баға беріп көріңізші.

- Қазақ рэбінің деңгейін «Жамағат» орталығы ғана көтеріп берді. Қайталанбаған, бұрын елде болмаған «Қазағыма лайықты», «Елім-ай» атты алғашқы этно-рэп жанрын жарыққа шығарды. Қазақша рэп деген соң оның музыкасы, сөзі, тақырыптары да соған лайық болуы керек. Біз осы талаптарды ұстана отырып жұмыс жасаймыз. Егер қарсы жандар болса, ол – халықтың, тыңдармандардың пікіріне қарсылар. Менің қарсыларға, қарсыласушыларға түкіргенім бар. Себебі, менің де сыртымнан түкіріп келді.

Q: Қазақ және шетел рэперлерінен кімдерді тыңдайсыз ?

- Ешкімді тыңдамаймын.

Q: Басқа жанрдағы әндерді тыңдайсыз ба?

- Ешқандай жанрда музыка тыңдамаймын.

жакау

- Рэпке шектеу қоясыз ба, әлде жалғастыра бересіз бе? Алдағы жоспарларыңыз қандай?

- Негізі Жақау – өнер адамы, ал Аманкелді – бөлек адам. Жақау мен Аманкелді келісе отырып, Жақаумен қоштасуды жөн көрдік. Ал алдағы жоспарымды Алладан артық ешкім білмейді.

- Көпшілік пікірі «рэперлер тәрбиесіз, жағымсыз, сөздері анайы өлеңдерді оқиды» деп жатады. Оған мысал, жақында Шыңғыс атты рэпер эротикалық бейнеклипін жарыққа шығарды. Сіз, әрине, бағытымды, өлеңдерімді өзгерттім деп жатырсыз. Жалпы осы әріптестеріңізге деген көзқарасыңыз, пікіріңіз қандай?

- Рэп, хип-хоп мәдениеті — қара нәсілділерден, көшеден келген мәдениет. Дей тұрғанмен оны өзіміздің қазақылығымызға бағыттап, тәрбиелеуге болады. Түсінсеңіз бұл бір құрал сынды. Бәрі тек ниетке ғана байланысты. Менің ниетім – рэп тыңдайтын жастарға қазақша рэп жасап беру. Әр амал ниетке байланысты дегендей, мен әлгі жігітті аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып жүрген, ит тірлігін тастамаған пенде деп білемін. Мұндай арзан атақ үшін өз абыройын төгуге дайын тұратын жігітсымақтардан халыққа пайдалы нәрсе күту бекершілік. Адам өзі түзелмейінше, сөзі мен ісі де түзелмейді. Мен өз жеке басым қазақ рэбін тыңдамаймын. Себебі, тыңдауға тұрарлықтары санаулы ғана. Мәдениеті басым, берері мол, таза қазақша рэп еш күмәнсіз тек қана «Жамағатта»! Себебі біздің тақырыптарымыз да, музыкамыз да, мәтіндеріміз де, ниетіміз де қазақы (сұхбаттың жалғасы мына жерде).

Продолжение - пройдите по ссылке - http://qaznews.kz/amangeldi-oteshov-564564.html

2
1905
1