Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:20, 06 февраля 2014

Сочи Олимпиадасында Ту ұстаушы Ердос Ахмадиев: Маған осындай сенім білдірілгеніне алғысым шексіз

Blog post image

АСТАНА. ҚазАқпарат — Санаулы сағаттан кейін төрткүл дүние көз тіккен Сочи олимпиадасының алауы тұтанады. Бұл дүбірлі додада ел намысын 52 отандасымыз қорғайды. Ал Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның Көк Туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.

Соған орай, өзгелерден артық жауапкершілік жүктелген,  бүгінде ұлттық құрамамен бірге Италияда жаттығып жүрген шаңғышымен тілдесудің сәті түсті, деп жазады alaman.kz.

«Әрине, еліңнің байрағын ұстап, топ бастап шығу — үлкен бақыт. Шынымды айтсам, бұл жаңалық мен үшін күтпеген жайт болды. Алғашында бапкерім «Туды сен ұстап шығуың мүмкін» деді. Сол кезде үміткерлердің қатарына қосылғанымның өзіне қатты қуанып едім. Кейін Ұлттық шттатық командалар дирекциясынан арнайы хабарласып, менің Ту ұстайтынымды айтты. Ал, ол кездегі ішкі сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осындай мүмкіндік беріп, маған сенім білдіргендері үшін Елбасына, отандық спорт басшыларына алғысым шексіз.

Бұл маған білдірген сеніммен қатар, мойныма жүктеліп отырған жауапкершілік. Бұрын мен қатардағы олимпиадашылардың бірі болсам, қазір Ту ұстаушы ретінде елдің аузында жүрмін. Сондықтан, елімнің үмітін ақтау үшін аянып қалмаймын», — дейді Е.Ахмадиев.

 
0
276
0