Дәріс 5. «Мұнайды мемлекеттендіру объективті үрдіс, себебі мұнай адамның қолымен жасалмады...»

Ерболат Мұхамеджан March 7, 2014
489
0
4
0

  Біз біздің ұлтқа мұнай мен басқа да қорларға бақылауды қайтаруды ұсынамыз. Себеп: 1991 жылы біз ұлт ретінде 26 млн тонна мұнай өндірдікте оның барлығы Қазақстанға тиесілі болды.Қазір біз 81 млн...

 

Біз біздің ұлтқа мұнай мен басқа да қорларға бақылауды қайтаруды ұсынамыз.

Себеп: 1991 жылы біз ұлт ретінде 26 млн тонна мұнай өндірдікте оның барлығы Қазақстанға тиесілі болды.Қазір біз 81 млн тонн өндіреміз, бірақ тек 12 млн тоннасы Қазақстанға тиесілі. Яғни Қазір біз мұнайды 3 есе артық өндіру көлемінде бізге ұлт ретінде 1991 жылға қарағанда екі есеге төмен тиесілі.

Негізгі шешуші қадам:

Бірінші біздің жасайтынымыз – шикізатты сатудан түскен пайданы 100 % мемлекеттендіру.

Мемлекеттендіру дегенміз не? Бұл мемлекеттің ұлт пайдасы үшін белгілі бір мүлікті егесіне оны қанағаттандыратын ақшалай компенсациясын төлеу арқылы алып алуы. 
Мемлекеттендіруді АҚШ, Ұлыбритания мен Австралияны қоса алғанда көптеген елдер жүргізді. Бірақ бізге мұнай кен орындарын мемлекеттендіруді 1950-жылдан 1975-жылға дейін өткізген Сауд Аравиясы, Катар, Кувейттердің тәжірибесі жақынырақ.

Шикізатты мемлекеттендіру – объективті үрдіс. Себебі Мұнайды адам өз еңбегімен жасаған жоқ. Өздері жасамаған нәрседен бір топ жеке инвесторлардың үлкен пайда табуы экономикалық тұрғыдан дұрыс емес. 

Біз нені меңзеп отырмыз? Мысалы, Қазақстанда бір баррель мұнайды өндіру, тасымалдау, салық, геологозерттеу, еңбекақы мен басқа да шығындар төлемін қоса алғандағы өндірудің өзіндік құны 25 $ - ды құрайды. Бұған бір баррель үшін 20% немесе 5 доллар көлеміндегі кәсіпкер пайдасын қосамыз. Нәтижесінде барлық шығындар мен пайданы ескере отырғандағы бір баррель мұнайдың толық өзіндік құны 30 долларды құрайды. Ал әлемдік нарықтағы бір баррель 100 долларды құрайды. Арадағы айырмашылық 70 долларды құрайды. Бұл 70 доллар шикізат беретін қосымша пайда болып табылады және де ол белгілі бір жеке инвесторлардың ғана емес бүкіл қоғам игілігіне жұмсалуы тиіс. 

Бір маңызды нәрсені баса айтсақ, біз мұнай өндірудегі геологиялық зерттеу жүргізетін бұрғылау компанияларын мемлекеттендіру туралы айтып жатқан жоқпыз. Мысалы, «Шлумбергер», «Хали бёртн», пен «Беккер хьюз», (Schlumberger, Halliburton, Baker Hughes) компаниялары өз акционерлерін байыта отыра геологиялық зерттеумен және мұнай өндірумен айналысады. Бірақ олар өндіріп жатқан мұнай оларға тиесілі емес. 

Екінші маңызды нәрсені айта кетейік. Мемлекеттендіру өзі жеке бір де бір проблеманы шешпейді. Оған мысалы – Боливия, Венесуэлла, Иран мен Ирак. 

Cәттілік бізбен бірге!

"Дана Жол" қолданбалы экономикалық орталығының Қазақстанды дамытуға арналған экономикалық бағдарламасынан.

 

Оцените пост

4