Құрлық әскерлері Әскери институты курсанттарының алғашқы далалық жаттығулары

МО РК 2014 M02 6
462
0
2
0

Құрлық әскерлері Әскери институтының екінші курс курсанттары алғашқы рет далалық шығулар жасады. Болашақ офицерлер екі апта бойына полигонда тактикалық, атыс даярлықтары мен әдістемелік дағдыларға...

Құрлық әскерлері Әскери институтының екінші курс курсанттары алғашқы рет далалық шығулар жасады. Болашақ офицерлер екі апта бойына полигонда тактикалық, атыс даярлықтары мен әдістемелік дағдыларға машықтанып, шынайы жауынгерлік жағдайға келтірілген ұрыстарды жүргізуді ұйымдастыру бойынша тәжірибелерін жетілдірді.

Командалық-тактикалық мотоатқыштар әскерлері, тәрбие құрылымдары офицерлері, әуе десанты әскерлері және әскери барлау, командалық-тактикалық артиллерия мамандықтары бойынша оқып жатқан курсанттар полигонда әскери топография, әскерлерді, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде пысықтады.

Сабақтар далалық жағайда өмір сүрудің ерекшеліктері бойынша нұсқаулықтан басталып, курсанттар қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалау кезінде қауіпсіздік шаралары талаптарын сақтаудың маңыздылығынан ақпараттандырылды. Нұсқауалық жауынгерлік сабақтардың маңызды бөлігі болып табылады. Екінші курс курсанттары БМП-2 қаруынан, СВД мергендік мылтығынан, АК-74 және АКС-74 автоматтары мен ПКМ пулеметінен жаттығулар орындап, БМП және БТР жауынгерлік машиналарын жүргізуге машықтанды. Курсанттар тек оқып үйренуші рөлінде ғана емес, оқу жетекшісі ретінде де іс-қимыл көрсетті.

Курсанттардың далалық шығулары оқу процесінің маңызды бөлігі. Болашақ офицерлер бұл жерде жауынгерлік тапсырмаларды орындаумен қатар, көшбасшылық қасиеттерін де қалыптастырады. Әскери оқуды бітірген соң олар взводтарды басқаратын болады. Далалық сабақтардың қорытындысы бойынша оқытушылар курсанттарға жақсы деген баға берді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

2
Дальше