место в рейтинге
  • 59869
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өнердің өшпейтін іздері

Егемен Қазақстан, 06.02.2014

«Астана Опера» театрының алғашқы қадамынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы баяндалатын фотокөрмеден алматылықтар ұмытылмас әсер алары сөзсіз.

Дәл осы кезде Алатаудың бөктері алабөтен күй кешіп жатыр. «Астана Опера» театрының труппасы өз бағдарламасын паш етуде. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрын бетке алып ағылған жұрттың бар мақсаты мұндағы фотокөрмеден елордалық жас театрдың арман болған ішкі, сыртқы сымбатын тамашалап сүйсіну. Бұрын тек Үлкен театрға, Ла Скалаға адамдар қаншама күні бұрын билет сатып алып, әзер дегенде кіреді дегенде, мұндай аты адамзатқа арман болған ғажайып мәдениет ошақтарына сырттай сүйсініп, «шіркін, бізде қашан сондай тамаша театрлар пайда болар екен?» деп, алдағы күндерге үміт артқаннан басқа түк амалымыз қалмайтын.

«Астана Опера» театры көп­тің көкейіндегі үміт отын үрле­ген сол жарық сәуле сияқты. Құрылғанына аз уақыт болғанына қарамастан, оның сахнасында атағынан ат үркетін небір танымал тұлғалар өнер көрсетіп үлгерді. Жаңадан қаншама туындылар сахналанды. Осы жетістіктер театрдың әлі-ақ әлемдік деңгейге көтерілетініне сендіретіндей. Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының екінші қабатына жайылған фотокөрме осындай жарқын ойға жетелейді. Жаңа театрдың қалай дүниеге келгені қызықты оқиғаларға толы. Құлаққа бір сарқылмас сарын құйылады. Әлгі сарын сәлден соң қиял қанатына айналып, жазық далаға қарай алып ұшады. Мұнда жарқырап бой көтерген ақ шағала тәріздес аппақ отау алдыңыздан ұшырасады. Әр фото тіршіліктің нағыз буырқанған бұлағына бастайды.

Көрмеде әрқайсысы төрт фотодан тұратын 12 стенд орналасқан, онда «Астана Опера» МОБТ тарихының алғашқы беттері туралы сыр шертіледі. Постердегі ақпарат пен суреттер «Астана Операда» сахналанған алғашқы қойылымдар жайында, атап айтқанда, қазақ операсының інжу-маржаны саналатын Мұқан Төлебаевтың «Бiржан-Сара», заманымыздың көрнекті қоюшы хореографы Ю. Григоревич қойған П. И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балеті, италиялық Пьер Луиджи Пицци сахналаған «Аттила» операсы және де әлемдік тұсаукесер туралы тартымды баяндайды. «Роден» және «Ромео мен Джульетта» балеттері бейнеленген суреттер көрермен назарынан тыс қалмасы анық. Себебі, мұнда спектакльдердің декорациясы мен костюмдері түгел қамтылған.

«Астана Операның» үлкен за­лын, камералық музыка концерт­терін және халықаралық конференция өткізуге арналған ка­ме­ралық, сондай-ақ толық­қан­ды жұмыс іс­теуге көшкен кі­ші залдарды көз­бен көргендей әсер түйдіретін фото­шежірелер «Клас­сиканың жаңа жасы», «Хор музы­касының ке­ші», «Петя және қасқыр», «Ұлы есімдер: Й. Гайдн және В. Мо­царт», «Жаңажылдық сер­пантин» сияқты басқа да көп­те­ген тақы­рып­тарды алға тартады.

Негізін Елбасының өзі қалаған алғашқы заманауи театр тарихы түгел қамтылған «Астана Опе­ра» ат­ты көрме небәрі бір апта, ақ­пан­­ның 3-і мен 10-ы аралығында өтпек.

«Егемен-ақпарат»

 
МК РК Mki_gov
6 февраля 2014, 11:55
167

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 20302
  • 5
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3846
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3760
  • 13
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3394
  • 20
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2501
  • 13
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2099
  • 2
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
вчера / 16:14
  • 2048
  • 22
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 1906
  • 4