Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:27, 05 февраля 2014

Сочи Олимпиадасы туралы жазуға 47 журналист тартылды

ortcom.kz, 05.02.2014

7 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де «Хабар» және «KazSport» телеарналарында Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты көрсетіледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков мәлімдеді.

Б.Қалиянбековтың айтуынша, 7-23 ақпан аралығында аталған телеарналарда Олимпиада ойындарынан 200-ге тарта таратылымы мен хабар жазбасы көрсетілетін болады. Хабарлардың жалпы хронометражы 240 сағаттан аспақ. Жарыс кестелеріне байланысты трансляциялар тәулік бойы жүргізіледі.

Олимпиада ойындары туралы барынша толық жазу үшін Ресейге журналистерді аккредитациялау мәселесі шешілді.

«ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен бірлесіп, қазақстандық журналистердің Сочидегі жұмыстарын ұйымдастырдық. Бұл жұмысқа барлығы 47 журналист тартылып отыр, оның ішінде 15 журналист – Ойындар аяқталғанша жұмыс істейтін тұрақты пул», - деп түйіндеді өз сөзін Б.Қалиянбеков.

 
0
282
0