Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
14:29, 05 февраля 2014

.....

Жүрген де аңдар терекпен ғана таранып,

Қыс болып дала, жатқанда аққа оранып.

Жүргенде құстар күншырай жақта жол алып,

Ақ қар боп тием бетіңе....

Гүлдесе терек, күлімдеп дала, айнала,

Мен екен деумен гүлдерді бар да, аймала.

Толқындар тулап жатқанда жаным,

Жай ғана,

Жаңбыр боп сүйем ерніңнен.

Көңілің сенің кіршісіз таза, ақ болып,

Айнала саған біртүрлі салқын, жат болып,

Жүрегің тоңып, ызғарға суық тап болса,

Күн болып сені жылытам....

Ойларың сенің жазылса сонар, ақ қарда,

Көңілің сенің басқаға ауған шақтарда..

Жүректің барлық сырларын үнсіз ақтара,

Түн болып маза бермеймін..

Түн батса егер, сүйсініп қарап алыстан,

Іздеймін сені бейтаныс пенен таныстан.

Адассаң егер тірлікте мынау алысқан...

Ай болып жолды нұсқаймын..

Қара бұлт сені айналып іздеп тапқанда,

Жүрегіңе сенің жараның отын жаққанда..

Көзіңнен сенің тамшылар көл боп аққанда

Жел болып сені жұбатам.

Өмірде мынау әсемдік қана сай маған,

Түсіңе енем, гүл болып сұлу жайнаған.

Арай болам мен, аймалап сені қоймаған,

Сәуле боп сені оятам....

 

Таңертеңгі мен шөптерге түскен шықтаймын...

Алайда жаным, жұлдыздарға да ұқсаймын.

Жаныңда сенің басқалар күліп жүрсе де,

Ойыңнан сенің шықпаймын...

 
0
493
0