Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:52, 05 февраля 2014

гүлдер... тастар...

Гүл емес, тас кірпіш алғызып,

Тас қамал, ғимарат салғыздық.

Ішінде жүргенмен қанша адам,

Сонда да, жүректе жалғыздық.

 

Тас қабақ мейірім танытып,

Тас үйлер күлгендей болады.

Сонда да тас жүрек мысымен

Қаншама гүл - кеуде солады.

 

Жүрекке бір жылу берер деп,

Ақша мен байлыққа талпындық.

Алтынға құныққан жандардың

Жүзінде сонда да - салқындық.

 

Әлемде гүл мен тас алмасқан,

Мейірім барын да сеземін.

Алайда бүгін мен тағы да

Гүл іздеп тас көше кеземін...

01:57, 11.04.2011 Астана

0
296
0