25750 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға дайын

МО РК 2014 M02 5
221
0
0
0

Алматы гарнизонында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда.   Алматы...

Алматы гарнизонында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Алматы гарнизонында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгін Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы 25750 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындауды талқылады.

Әскери бөлімнің басшы құрамымен кездескен топ жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгіме өрбітті. Осы мақсатта әскери патриоттық тәрбие орталықтарын ашып, патриоттық тәрбие беруді жандандыра түсу керектігін айтты.

– Елбасының биылғы Жолдауындағы басты мақсат ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Күшті қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімді жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан -2050» стратегиясы –барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Бұл істе елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналады, - деді топ жетекшісі.

25750 әскери бөлімінің командирі полковник Нұржан Мұқанов жеке құрам Жоғарғы Бас қолбасшының барлық тапсырмаларын орындауға дайын екенін жеткізді. Сардарлар мен сарбаздар 2050 стратегиясын толық қолдайды және «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуы үшін бар күшін салады, - деді ол. Президентіміз атап өткендей, бірлігі бекем, рухы жоғары, еңбексүйгіш еліміздің ғаламдық және өңірлік проблемаларды шешуге қатысуының арқасында қазақстандықтар елімізді нығайта отырып, әрқашан жеңіске жетіп келеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0