Зұқа батырдың немересі Австриядағы аз қазаққа бас болып жүр

Майгүл СҰЛТАН 2014 M02 4
538
0
0
0

АСТАНА. 6 қараша. BAQ.KZ – Абдулқайюм Кесижи басқарып отырған Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының құрамына Германия, Франция, Швеция, Австрия, Британия, Норвегия, Дания, Голландия және Швейцария...

АСТАНА. 6 қараша. BAQ.KZ – Абдулқайюм Кесижи басқарып отырған Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының құрамына Германия, Франция, Швеция, Австрия, Британия, Норвегия, Дания, Голландия және Швейцария елдеріндегі Қазақ қоғамдары кіреді. Соның ішінде Австриядағы Вена қаласында 160-қа жуық қандасымыз өмір сүріп келеді.


Бұл күнде Австриядағы Қазақ қоғамын Орталық Азияның «Робингуды» атанған Зұқа батыр Сәбитұлының немересі Осман Кожігіт басқарып отыр.
Австриядағы Қазақ қоғамымен танысу үшін Осман ағамызға хабарластық. «Қоғамымыз Еуропадағы Қазақ қоғамдарымен бірге Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясы (FEKA) арқылы Қазақстандағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз байланыста болып отырады. Қазір Австрияның Вена қаласында 27 қазақ отбасы бар. Қазақстаннан осында оқуға келген студенттерді қосқанда санымыз 160-қа жетіп отыр», -дейді қандасымыз. 
Австриядағы қазақ диаспорасының қалай қалыптасқаны жайлы сұрағымызға жауап берген Осман Кожігіт: «Біз Абақ Керей руынан шыққанбыз. Атам Зұқа қажының кіндік қаны тамған жер Қазақстандағы Марқакөл маңы екен. Кейін Қытай жаққа өткен бабаларымыз соғыстың себебінен Гималай тауын асып, Үндістан арқылы Түркияға жетіпті»,-деп қысқа қайырды.

 


Вена қаласында тұратын қандасымыз бұл күнде үш бала тәрбиелеп отыр екен. Жұбайы Жұлдыз Қазақстандағы Жамбыл облысы Мерке ауданының тумасы болып шықты. Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университетінде түрік тілінен сабақ берген жұбайымен 2000 жылы Зуқа батырдың 130 жылдық асы кезінде Атажұртта жүріп танысып, үйленген екен.

 

Автор: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 

Оцените пост

0