Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:30, 04 февраля 2014

Қытайда Қазақ шипагерлік-дәрігерлік қоғамы құрылды

ҮРІМЖІ. 5 қараша. BAQ.KZ – Жақында ШҰАР Қазақ шипагерлік-дәрігерлік қоғамы Үрімжіде құрылды. Күнлүн қонақ үйінің конференция залында Қоғамның ашылу салтанатымен қоса тұңғыш реткі мәжілісі де қоса өтті,- деп хабарлайды «Шыңжаң» газетінің тілшісі Қалиәкбар Үсемқанұлы.

Blog post image

Қазіргі таңда Қытайдағы қазақ емшілігі жемісті жетістіктерге жетіп, дәстүрлі қазақ емшілігін ұрпақтан ұрпаққа жалғап келеді. Шыңжаң Оқу ағарту комитеті мен денсаулық комитетінің ұйғарымымен 2010 жылдан бері Қазақ емшілігі колледждерде арнайы мамандық ретінде оқытыла бастаған екен. Арнайы курстық мектептерде де оқытыла бастаған Қазақ емшілігі мамандығында бұл күнде 300-ден астам шәкірттер тәрбиеленуде.

Қазақ емшілігін зерттеп жүрген мамандар мен зерттеушілер тарапынан оқу құралдары құрастырылумен қатар, төрт томды «Қазақ дәрігерлік шежіресі», қазақ және қытай тілдеріндегі «Қазақ емшілігі» кітаптары және «Шыңжаң Алтай тау сілемдеріндегі жабайы өсімдіктер» атты альбом жарық көрді.

Blog post image

«Нарықталғы», «Ішкі айықтырғы», «Қаптек сырқатнама» қатарлы 9 бөлімді оқулық құрастырылып Қазақ емшілігі жоғары оқу орындарында оқытыла бастады.

5 түрлі қазақы емшілікпен емдеу әдісін Қытай мемлекеті тарапынан қорғалатын заттық емес мәдени мұра қатарына енгізу өтініші де жасалып қойған. Бұның ішінде бұлау, оташылық, бөбектерді маймен сылау, денсаулық қорғау әдісі қатарлы 3 түрлі ерекше емдеу Шыңжаң өлкелік заттық емес мәдени мұралардың қатарында.

Blog post image

Қытайдағы қазақ емшілігінің бүгіні мен ертеңі жайлы жан-жақты талқы өткен жиналыста Іле қазақ автономиялы облыстық Денсаулық сақтау комитетінің бастығы Болат Жақыпұлы қоғамның басшысы болып тағайындалса, Шыңжаң медицина университетінің профессоры орталықтың орынбасарлығы міндетін атқаратын болды.

   

BAQ.KZ

0
990
0